Анеля Кенжебекова 50 миллион қаржысынан қағылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анеля Кенжебекова сан соғып қалды. Шетелден тиімді бағаға көлік алмақ болған блогер алыпсатарларға алданып қалған. 50 млн теңгеден қағылған ару мәселесін шешу үшін заңға жүгінген.

Анеля Кенжебекова, блогер:

Бәрі жақсы өтіп жатыр, 1-2 айда аяқталып қалады. Өзіміз ол қызды Кореядан алдырдық.Заң бойынша қарастырылып жатыр.Бұйырса 1-2 айдың ішінде түзеледі деген ойдамын.Әріптестерім де жаман ситуацияға тап болды. Өмір ғой, неше түрлі болады.

 

Сорақысы, сеніміме кіріп сан соқтырғаны дейді. 5 жыл бойы араласқан танысы осындай әрекетке барады деп сенбесе керек, ақшаны еш күмәнсіз ұстатқан.

Анеля Кенжебекова, блогер:

Қалай болды қалай құрығына түсіп қалдыңыз?

Танысым ғой. Таныс адамдар сондай тірлік жасайды екен. Менің ғана емес, достармынан да ақша алған. Ұзақ дайындалған шамасы…

 

Оқиғаммен бөлісіп, хайп жинаудан адамын. Бар ниетім сақтандыру. Сондықтан қателігімді қайталамаңыздар дейді блогер.

Анеля Кенжебекова, блогер:

Жалпы соммасы 50 млн болған, жартысын қайтарды. Мұндай жағдайлар көп бола береді өмірде. Сол үшін ешкімге сенбеңіздер.. Бұл ситуациядан әрдайым пайдасын іздеп отырамын. Мысалы, ешкімге сенбеу. Ьіпті қазір өзіме де сенгім келмейді ғой..