Жайдарманның кезекті ойыны даумен өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Есен Елеукен, «Жайдарман» одағының президенті:

Негізі о баста бір 15-ке жуық команда ойлағанбыз. Соның ішінен іріктеп осы 5 команда және де қыздарға да мүмкіндік бердік.

Бұл ойынға командалар қалай іріктелді?

Есен Елеукен, «Жайдарман» одағының президенті:

Көбінесе чемпиондар және арнайы жобалардың жеңімпаздарын шақырдық және ол топтар Алматыға неге келді және оның бір өзіндік тарихы бар командаларды шақырдық.

 

Ойынға қазақстандық командалармен бірге Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан елінің әзілкештері өзара сайысқа түсті. Жарыс нәтижесінде, «Рудный» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Чемпиондар да бұған дайын болған сыңайлы:

Кімнің сынынан қорқасыздар?

«Рудный» командасы:

Жалпы біз сынның түр түрін естіген командамыз негізі. Ешқандай бір қазылар алқасының сыны бізді сындыра қоймас. Сәйкесінше бізде қазылар алқасына әзіл жазылмайды мүлде. Біз біреуді кемсітпейміз.

 

Десе де, кейбір құрамалар мұндай көзқараста емес. Ойын кезінде қазылар алқасы құрамында болған Секавайнестің сырт келбетін күлкі қылғандар да табылды.

Серғазы Тоқтарбек, блогер:

Жоқ несіне өкпелеймін. Олар енді менің шашым түсіп қалғаны туралы қалжыңдады. Бірақ мені ол ренжітпейді.

Қазіргі жастардың әзілдерінің сапасы ұнайды ма сізге?

Серғазы Тоқтарбек, блогер:

Көңіл толмайтын жерлері де бар. Енді жастар болған соң басынан бастап үйреніп жатыр ғой. Біреудің әзілдері ұнайды, біреуі шектен шығып кетеді.

 

1- орын отандастарымызға бұйырса, 2-ші орынды Қырғызстандық командалар «Торнадо» мен «Лидер» иеленді. Ал Түркиядан келген өнерпаздар қола жүлдені қанжығасына байлады.

«Түркия» командасы:

Бүгін өте маңызды күн. Біз бұл ойынға бірінші рет қатысып тұрмыз. Бұл тек біз үшін ғана емес, Түркия үшін ең маңызды күн.

Қазақстандық әзілкештер ұнады ма сіздерге? Қандай баға бересіздер?

10 балдан 10 береміз. Себебі, біздің мәдениетіміз, тарихымыз бір. Сондықтан әзілдеріміз де ұқсас.

 

Десе де, бұл жолғы ойында Қазақстан «Жайдарман» Одағының президенті мен әділ қазылар алқасының ойы бір жерден шықпаған-ды.

Осы ойында сізді ерекше таңқалдырған команда болды ма?

Есен Елеукен, «Жайдарман» одағының президенті:

Түркия құрамасы. Меніңше сапалы өнер көрсеткен секілді. Мен тіпті бас жүлдені алатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ енді қазылар алқасы солай шешті. Бұл жерде біз қазылар алқасына былай айтқанбыз: «Негізі кім жақсы күлдіреді? Кім көбірек күлдіреді. Соған беру керек. Ол Қазақстан командасы ма, басқа елдің командасы ма маңызды емес.»

 

Жайдарман сайысының тақырыбы – ұлттар достығы. Шығармашылық ұжымның басты мақсаты бірлік пен татулықты насихаттау. Тартысты ойын мұнымен шектелмек емес,қызыққа толы дода келесі жылы да өз жалғасын табады!