Сахнада 25 жыл! Дильназ Ахмадиева мерейтойлық кеш өткізбек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дильназ Ахмадиева, әнші:

Бұл үлкен концертке дайындық десек артық айтқанымыз емес. Себебі, келер жылы Республика сарайында ауқымды соло концерт өтеді. Бұл кешімнің мюзикл сияқты, актерлық қойылыммен өткенін қалаймын. Бірақ толықтай мюзикл емес.
 

Дильназ Ахмадиева бір жыл бұрын осындай жоспарымен бөлісіп еді. Айтқанын есіне салып, уәде еткен концерті жайлы сұрадық. біраз тосылды. Сөйтсек әнші демеуші іздеп сабылып жүр екен.
Дильназ Ахмадиева, әнші:

Демеуші табылса, Алматыда да ұйымадастырғым келеді. Концертті жоғары деңгейде өткізу үшін кем дегендле 70-80 миллион теңге қаржы керек.

 

Әнші 20-қараша күні елордалық тыңдарманын қуантуға бекініп отыр. Кешке демеуші іздеп шар ұрмадық дейді. Себебі, концерт мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді екен.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

Бұл коммерцияны көздеген концерт емес, жеке имидж үшін жасап жатырмыз. Мәдениет министрлігі, қазақ концерт, қазақ әуендері, бір сөзбен айтқанда мемлекеттің қолдауымен өтпек.

 

Қазір кешке білек-сыбана кірістім. Тыңдарманымды қуанту үшін аянып қалмаймын дейді.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

22 ән орындалады, оның 13 релизі дуэт. Бірақ барлық ән менің репертуарымнан алынады. Бірақ кімдермен feat болатыны құпия.

 

«Золотой» деп ән шырқап Орта Азияның алтын дауысына айналған әншінің кешін күтетін тыңдарман көп екені сөзсіз. Ендеше елордада өтетін концерттен қапы қалмаңыз.