Балжан Бидаш, әнші:
– Бәрібір де ешкім жеке өмірін айтқысы келеді деп ойламайм, не болса да құпия боп қалсын. Бақыт – тыныштықты сүйеді.
2019 жылы «иә» дедім деп сүйінші сұрады. Артынша актер Жахан Отарғалиевпен некелескенін хабарлады. 3 жылдан соң «бәрі бітті!» деп мәлімдеме жасады. Ыстамбұлдан басталған махаббат оқиғасын жіті бақылаған халық ажырасуларын да назардан тыс қалдырмады. Күндеді, сынады, қолдады. Көптің талқысынан шаршаса керек, жеке өміріне қатысты сауалға құпия болсын деп қысқа қайырды.
Балжан Бидаш, әнші:
– Экс-жолдасыңыз жаңа өмірге аяқ басты, қайта шаңырақ құрды дегендей, айтады ғой, адам өзі дайын болса, кездестіреді дегендей, іштей дайын ба Балжан Бидаш?
– Жақсы азамат болса, көреміз. Адамның бәрі жақсы ғой, негізі. Жақсылығын көру керек.
Келіндік өмірін жіті бақылаған халық Балжанның өнерден бас тартып, өзін отбасы, ошақ қасына арнағанын жақсы біледі. Ажырасудан кейінгі күйзелісті өткергенінен де хабардар. Сондықтан жай-күйін сұрадық.
Балжан Бидаш, әнші:
– Толықтай жіберіп, айықтыңыз ғой, бастысы...
– Әрине, жібердім деп айта аламын. Дегенмен де ол мүмкін адам өз-өзін алдап, солай ойлауы мүмкін. Бірақ, кейбір ситуацияға байланысты ертеректегі жарақат шығып кету мүмкін. Бірақ қазіргі күйім жақсы.