Аренада алғаш стендап кеш ұйымдастырған Дәулет Исраил солд-аут жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәулет Исраил, блогер, жүргізуші:

Рекорд жасауға тырыстым, қазақ тілінде ешкім аренда стендап оқымаған. Сондықтан да бірінші болайын деп жасадым. Ең бастысы қазақ тілінде стендап оқу, мақсатым сол болды қазақ тілінде. Көбіне ойлап қалады ғой. Енді вайн түсіріп бастағанда көп адам қолдамайтын, қазақ тілінің деңгейі осыған жетеді, бұдан да биікке бара алады деген ой ғой.

 

Дәулет ауқымды кешін «посвящение» деп атап, студенттерге арнады. Алматыға арман арқалап келген жастардың керемет шақтарын әзілмен жеткізді. Ностальгияға бөленген көрермен дән риза.

Ғалымжан Жанықұлов, стендап-комик:

Біздің кезімізде университет істеп берген жерде өтеді, әрі қарай өзіміз қыдыратынбыз... Қазіргі студенттерде арман жоқ. Міне атмосфера.. Сахнада Қазеке, басқа қандай посвящение керек?

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

Бізде колледждің мәжіліс залында концерт болатын болды. Одан қалса КВН ойнап, өзіміздің арамызда әзілдерге күліп, сахнада ойнағанда ешкім күлмей ұятқақалатынбыз.

Жазира Еркін, актриса:

2013 жылы бітірген оқушыларда мынадай концерт болған жоқ!

 

Дәкені қолдай келгендердің қарасы қалың. Бірі залда отырып тақым қысса, екіншілері сахнаға шығып, кештің көркін кіргізуге атсалысты. Ozmz ғой бағдарламасының жүргізушісі, әріптесімізді қолдау үшін біз де камера мен микрофонды жетектей жеттік.

 

Мирас Жүгінісов, музыкант:

Дәке эмоциясы бетіне шығып кететін адам. Сондықтан қобалжығаны өте қатты білінді.

Жоламан Какешов, стендап-комик:

Біршама жұлдыздың концертін жүргізіп жүр ғой, алаңдамайтын. «Әкел микрофонды» -деп, осы жолы сағат 12 ден бері осында жүр, қатты уайымдады.

 

«Мұнымен тоқтап қалмаймын»,- дейді Дәке. Енді инпровизациялық кеш ұйымдастыруға бекініп отыр. Көрерменмен кеңінен көсіліп, қоғамдағы түрлі тақырыптарды талқыламаққа ниетті.

 

Дәулет Исраил, блогер, жүргізуші:

Залда стендап бергім кеп тұр. Арманым – дайындалмай шығып, 1,5 сағат концерт беру.

 

Дәкенің әзілдеріне күліп, Тұрар, Мирас, Калифарния, Қазыбек Құрайыш, Ғазизхан Шекербеков пен De LAcure-дың әндеріне тербеліп қайтқан көрермен дән-риза.

 

Ғалымжан Жанықұлов, стендап-комик:

Қателеспесем Сабуров қана берді осы аренада, екінші даке беріп отыр. Екінші Дәке берді

Жазира Еркін, актриса:

Ол өзінің жеке брендін өзі істеген адам нағыз Self-made! Сондықан әдемі тұлға, әдемі кеш болды. Бәріміз тарқылдап күлдік. 10 нан 100 ғой!

Назым Әбілдина, әнші:

Көңіл-күй күшті, әзілдер күшті, Дәке күшті. Бәрі күшті.

Айгерім Қалмұратова, актриса:

Өте керемет. Алғаш рет қазақша стендапта болуым. Дәке тамаша жүргізуші актер