Әсет Есжан, «Qazaqsha therapy» жобасының авторы, әнші, актер:
– Бүгінгі үлкен ерекшелік – күй тартыс болған сияқты. Онда да домбыра мен домбырамен емес, екі домбыраның бірігіп, еуропалық аспаптармен бірігіп тартысқаны халыққа әсер еткен сияқты болды..
Кештің тағы бір ерекшелігі – заманауи қойылымдарда. Терме мен кантемпри стилін біріктіріп коллаб жасаған ұжым тәжірибе сәтті шыққанын алға тартады. Бір аранаға тоғыспайтын қос жанрды біріктірген хореограф – Әділет Таменов экспериенс оңайға соқпады дейді.
Әділет Таменов, режиссер-хореограф:
– Терме, дәстүрлі әнге қойылым қоймас бұрын сол әннің тарихын тереңірек зерттеп дайындаласыз ба? Әрбір қимыл-қозғалыс ақталуы тиіс шығар, иә?
Негізі басында әнді тыңдаймыз, әннің ішіндегі дыбыстарға, әр дыбысқа бір қимыл қою күрделі процесстен. Тек әншінің әні емес, музыка, домбыраның дыбыстары композиция қоямыз.
Нұрболат Қыдырбаев, «Qazaqsha therapy» жобасының авторы, композитор:
– Әттеген-ай жоқ па сахнаның мүмкіншіілктерін пайдалана алмай қалдық-ау деген сияқты?
– Біз барынша қамтыдық, минимализм керек болды. Біздің істеп жатқан дүниеге осы мүмкіншілік жарады. 5 мектепте добырамызды биік көрсеткен түріміз ғой...
Нұрболат Ұзақбай, дәстүрлі әнші:
– Қазақша терапияға екінші рет келуім. Дәстіүрлі әнші жігіттер жасаған шоуға мен бүгін таңғалдым. Би тұрғысынан алғанда, ширақ қимылдап, керемет бола бастаған. Қалай дайындаласыздар?
– Басында лекция концерттерден басталды бірінші концертіміз. Сөйтіп ойға ой қоса келе бишілік өнерімізді аштық. Биге біраз дайныдалдық. Биілермен біраз дайындалып, үйде де қайталап шыққан дүние..
Әсет Есжан, «Qazaqsha therapy» жобасының авторы, әнші, актер:
– «Qazaqsha therapy» сіз үшін шығармашылық қадам ба? Әлде қаржы көзі ме?
– 1,5-2 жылдан асқан кезде пайда таба бастадық. Оның өзінде миллиондап табыс емес, әйтеуір шығынын жауып, белгілі бір межеде қаржы қала бастады. Болашақта табыс әкелетін жоба болса екен деп тілеймін. Патриотпын, елді рухзатндырса деген өтірік сөз деп ойлаймын. Елге қызмет ете жүре табысты болғаны жақсы емес пе
– Бастысы қарызға батырып жатқан жоқ па Әсет Есжанды?
– Жоқ, басында қарызға батырған ашығы. Бірақ, ол қарыздан құтылдық қазір өзін ақтап пайда да әкеліп жүр..
Қазақша ем алып қайтқандар дән риза. Кереметі, көрермен заллына отандастарымыз ғана емес, шетелдік тыңдармандар да жайғасқанын байқадық.
– Өте керемет әсер алдым, ұлттық билеріңіз бен музыкаларыңыз жайлы білдім. Біз үшін керемет бір шоу болды.
– Концерт расымен де ұнады. Мен әр әнді естігенде рахаттандым. Біз Үндістаннан келдік. Мен өзім музыкантпын. Таңғажайып шоудың куәсі болдық.