«Шәй в большом городе!» Мөлдір Мұқанның тырнақалды туындысы жарық көрді. Көпшілік толықметрдің желісі Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның оқиғасын баяндайды деп топшылауда. Расымен солай ма?
Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:
– Атауына қарап танымал шетелдік фильмнің франшизасы ма деп ойлап жатыр. Әлде тікелей өз өміріңізді толығымен фильм желісіне айналдырдыңыз ба:
– Толықтай алынбаған, себебі қазақы менталитет бар.Кейбір тұста шекараны ұстап тұрдық. Келесі кинода тікесінен тартамыз деп тұрмыз. Осы жолы шет жағасын келтірдік. Өмірімнің кей ұстарының ұқсастығы бар.
Фильмнің желісі танымал медиапродюсердің оқиғасына негізделген. Мансап жолында жеке өмірін құрбан еткен ару альфонс жігіттің құрығына түседі. Бірақ бала күнгі махаббаты сылқымға махаббат деген ұлы ұғымды түсіндіріп, шынайы сезімін оятады. Мөлдір Мұқанның ғашығын актер Олжас Тоғымбет сомдайды.
Олжас Тоғымбет, актер:
– Режиссер О. Ибраев сценарийді жазып, Мөлдір хзанымға ұсынған кезде бүкіл жазған сценарий, эпизодтары шынайы болып шыққан. Бірақ, Мөлдір ханым түспейтін болып, кейін режиссер оны көндірді.
– Ол жерде эпизходтар бар құрбылар жайлы, оның өзі сцеанрий бойынша сайкес боп шыққан.
Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:
– Фильм түсіру үшін инвестор тарттыңыз ба? Берешегіңіз бар ма?
– Берешек бар. Мен жалпы елдің алдында қаржы тақырыбында сөйлескенді ұнатпаймын. Өзім жасадым, өзім қолға алдым жауапкершілікті, өзім шешуім керек еді ғой.
– Ал бюджеті қанша?
– Киноның бюджеті 130 млн.
– Толығымен қарызға алдыңыз ба? Әлде жиған-тергеніңіз бар ма еді?
– Жартысы қарыз, жартысы жиналған ақша.
Толықметрде Мөлдір ханымның ортаншысы қызы Айым Тұрсынбекқызы да бой көрсетеді. Желі жұлдызына анасының жас кезін сомдау бұйырған.
Айым Тұрсынбекқызы, блогер:
– «Неге біз анамыздың кішкентай кезін сомдамаймыз!», деп ренжімеді ме бауырларыңыз?
– 5 баланың ішінде мен ғана шығармашылыққа жақынмын.
Мөлдір Мұқан мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ендігі кинопродюсер келесі толықметрдің түсірілімін бастаймын деп білек-сыбана дайын отыр.
Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:
– Менің басымнан өткен жағдай басқа отбасында болмаса екен, ондай қиын сынақ басқа ешкімде болмаса екен деп ажырасу тақырыбында фильм түсіру жоспарда бар. Өте өзекті ауыр тақырып. Отбасы шағын мемлекет дейді. Осы шағын мемлекеттен құралатын үлкен мемлекетке әсер ететін дүние..
Кейінгі уақытта талқылаудан көз ашпаған Мөлдір ханымға жеке өмірі жайлы сауал жолдамасқа болмады.
– Соңғы уақыттан кейін Тұрсынбек мырза хабарласты ма? Құттықтау айтты ма?
– Сұхбаттан кейін келесі күні бірден балаларға хабарласты. Маған хабарласпады.
– Құттықтаған жоқ па?
– Жоқ!
– Күтесіз бе?
– Мен қазір қандай жағдай болса да кез-келген нәрсеге сабырмен қарайтын болдым. Барлығы осылай болу керек болған шығар... Ренжімеймін.
Нұргүл Даубаева, кинопродюсер:
– Продюсер ретінде өзін жоғары деңгейде көрсеткен локацияны алғаны, автокөлік, Астананың көркем жерлерін сипаттаған.
Жазира Байырбекова, әнші:
– Мөлдірдің киносын көріп, ойымыз бөлініп, арасында күлідк. Көзге жас алған кездеор де болды.