Баян Мақсатқызы мен Ерболат Беделхан құрған аталмыш топ дебют жасады. 6 айға ұласқан ұзақ кастингтен 7 қызды іріктеп алған алпауыт продюсерлердің мақсаты айқын.
Ерболат Беделхан, продюсер:
– Бұл жобаның кейсі бар, өзінің мақсаты бар. Қазақстаннан бір туындыны алып, шетелге шығару мәселесі. Мысалы, Димаш Қазақстанның ішінде ешкімге керек болмады, шетелге барып жұлдыз болды. Ал 91 тобына келетін болсақ, ол іште танылды, сыртқа шыға алмады. Енді бізге соны ортақ қосатын жоба керек. Іштеде де, сыртта да Қазақстанның өнімі ретінде шығу керек.
Дебют жасағанымен, айдолдарды танытуға асық емес. Алдымен қыздардың үлкен сахнаға дайындығын пысықтап алайық дейді продюсер.
Ерболат Беделхан, продюсер:
– Осы жылы Баян екеуіміздің арамызда көп сөз болды дебют бермей тұрайық, келесі жылға дайындайық деп. Бірақ шықтық енді, келесі жылы үлкен акцент болады.
– Демек әлі де қыздарды дайындау үстіндесіздер?
– Әрине..
Баян Мақсатқызы мен Ерболат Беделхан атқаратын жұмыстарды тең бөлген екен. Қыздардың шығармашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жатырмыз дейді.
– Баян ханыммен ортақ жоба аясында жұмыс істеу қиынға соғып жатқын жоқ па?
– Кез-келген жұқмыста қиын жағы және жақсы жағы болады. Бірақ бұған дейін жұмыс істеп көрген жоқпыз.. Сондықтан мен керісінше қуанамын, екі бас бірігіп бір дүние жасап жатқанымызға.
– Баян ханым екеуіңіз қызметтерді қалай бөліп алғаныңызды біле аламыз ба?
– Ол кісі ұйымдастырушы, қаражат. Мен тек қана өнер.
iOne тобы жақында тыңдарманын тағы бір әнмен қуантып, су жаңа бейнебаян ұсынбақ.