Ел ағасы елуде! Тоқтар Серіков мерейтойын тыңдарманымен атап өтті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Жүйткіп өтті жарты ғасыр,

Жүйрік аттың жалында Ол 4 ұлдың әкесі, отбасының тірегі, қазақ ән өнерінің жарқын бейнесі. Отбасы мен шығармашылығын қатар ұстай білген Тоқтар Серіков 50 жсқа толды. Ел ағасы айтулы күнді тыңдарманымен атап өтуді ұйғарған екен. Біз де осындамыз.

Тоқтар Серіков, әнші:

Осы өнерде жүргеніме 30 жылдан астам уақыт болыпты. Сол еңселі елуімді Алматы жұртшылығына, ән кешімді өткізгелі жатырмын... менің әндерім айтылады. Негізі ән жазамын ғой, өзімді композиторлық қырымнан танытып, әндерімді көрсетейін деп жасап жатырмын.

 

Алдымен өнердегі әкесі Алтынбек Қоразбаевты ортаға шақырып, алғысын жеткізді. Ұстазы мен шәкірті 27 жыл бұрын бірге шырқаған «ай-хай 25ті» айтып, кейіннен «Аманбысың 50» деп әуелетті. Содан соң ортаға Мейрамбек Беспаев шығып, үзеңгілес достар өздерін танытқан асыл ана әнін бірге шырқады.

Мейрамбек Бесбаев, әнші:

Кішкентай кезімізден Алтынбек ағамыздың шапапына оратылып, бірге таласып, «көкемнің алдына мен отырамын!»- деп, өскен бала едік. Тоқтар міне 50-ге толып жатыр. Құттықтаймын. Халықтың махаббаты аласармаса екен.

 

«Сен маған хабарлассаңшы» әнінің тарихын естіген тыңдарман таңданысын жасыра алмады. Пандемия кезінде жарынан жырақта қалған Серіков дауысын естуге зар болдым дейді. Ауру есе жібермейді деп ойласа керек, соңғы әнім осы болса, ол да Бейбіткен арналсын деп өлеңдете жөнелген екен.

Бейбіт Сейдуалиева, әнші:

Жұбайлар ғанаа емес, әріптессіздер. Әр сахнаның алдында образын өзіңіз дайындайтын шығарсыз. Дұрыс айтып беріңізші?

Халық алдында жүрген соң сынға қалмайық деп барынша сахна мәдениетін ұстанамыз. Біз енді 30 жылдан бері келе жатқананан кейін халықтың көңілінен шықпай қалады-ау дегенді біліп сезіп отырамыз. Шектен шықпауға тырысамыз.

Үтіктеу сияқты жұмыстарды да атқарасыз ба? Әлде тапсырасыз ба?

Міндетті түрде ғой, жары болған соң әнші ғана емес, Тоқтардың жарымын, балаларының анасымын. Көп жұмыс менің мойынымда. Киімдері барлығы таза тұруы керек. Тамақтары пісірулі, үй жинаулы, кете береді ғой қарай.

 

20 жыл қол ұстасып келе жатқан ғашықтар талай жас-жұбайларға үлгі. Ажырасу көп заманда отбасының беріктігін ұстай білген жандардан құпиясын сұрадық.

Тоқтар Серіков, әнші:

Жалпы отбасымды қорғап қалу үшін бәріне дайынмын. Бірінші ерлі-зайыптының бір мәміледе болуы. Сүю керек, ғашық болу керек. Балаларыңа дені дұрыс әке болу керек, жарыңа сүйеніш болу керек. Екінші менің өмірімдегі ең ұтымды жері, мен бірінші жарым да өнердің адамы, мен де өнердің адамы. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Үшінші мықты нарсе – ата-анамыз да мықты.

 

Кеш соңында Алатау серілері бастаған бір топ шәкірттерін ортаға шақырды. Тоқтар Серіков қанатының астына алған өнерпаздар ұстаздарына алғысын жеткізіп, бірге ән шырқады.

Алатау серілері тобы:

Жана сахнада сіздер кішігірім шоу жасадыңыздар. Биші қыздарды ортаға шақырып едіңіздер, Тоқтар ағаның өзі де кішкене тосырқап қалды ғой. Сіздердің тараптан дайындалған тосынсый ма еді бұл?

Шоу деген сән ғой бізге негізінде!

Биыл сіздер шоу жасап жатырсыздар негізі.

Енді мұны не деп айтамыз?

Енді Тоқтар ағамызға бізбен билеуден бөлек, жанағы екі қызбен билеп халықтың көңілін көтерейік деді... Сахнаға екі апамыздың шыққаны күтпеген жағдай болды. Халық көңілі көтерілгендей... Мұнын бәрі импровизация болды...

Соңын Тоқтар ағаның ресми биімен аяқтайықшы, қанекей!?

 

Кеш 20-күні Семейде жалғасын тапты. Енді елордамыз Астанадағы тыңдармандарын қуантуға бекінген әншіден тур жайлы сұрадық. Өңір-өңірдегі көрерменмен де қауышуға асық екенін жеткізді.