30 жылын өнерге арнаған талантты артист Нора Нұғман алғашқы соло концертін өткізді! Тіпті, шығармашылық кеш өткізуге ауыр дерті де кедергі келтірмесе керек. Өнер иесі не себепті емделуден бас тартқан? Ал көптен-күткен ауқымды шара қалай өтті?
Бұл кеште 70-тен астам өнерпаз бір мезетте сахнадан табылды! Нағыз шығармашылық адамы ретінде Нора алғашқы ауқымды кешін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткізді.
Нора Нұғман, әнші, музыкалық продюсер
– Мен бұл концертті «Жүрегім» деп бекер атамағам. Мен бұл әнді де мамама. Бұл концертте сол мамама арнадым. Менің ойымша менің мамам естіп жатыр. Өз міндетімді орындадым деп ойлаймын. Әрбір әртістің ол арманы. Менің арманым орындалды. Көп рақмет!
Бұл жай ғана ән кеші болмады, бұл нағыз кәсіби мамандардың сахнадағы перфомансы дерсің. Ал әсем әнімен қуантқандар қатарында Норадан өзге, оның өнердегі әріптестері де болды.
Мақпал Исабекова, әнші
– Нора енді менің үлкен әпкем сияқты. Сахнадағы жаңағы жол сілтеуші, әндерімнің музыкальный продюсері. Нора былай студияда жұмыс жасағанда қатал да, еркелетеді де арасында.
LUINA, әнші
Менің жолдасымның әкесі отыр. Сондықтан ерекше қобалжыдым. Бірақ әрине біз жақсы дайындалдық. Біз Нораны әріптесіміз әрі құрбымыз ретінде барынша қолдадық. Шыны керек, ол деңгейі жоғары музыкант қой.
Норамен сахнаны бөліскен сұлулардың қатарында Дильназ Ахмадиева да болуы керек еді. Алайда...
Нора Нұғман, әнші, музыкалық продюсер
– Кейбір әртістер де келмей қалды. Температурасы көтеріліп, ауырып қалды. Неше түрлі жағдайлар болды. Бірақ та оған қарамай, бәрін істедік иә.
– Дильназ ханым ғой иә?
– Иә.
– Ренжіп қалған жоқсыз ба оған?
– Ренжідім. Менде температура болса да. Мен келуші едім.
Еске салсақ, Норм қызу көтерілу былай тұрсын, ауыр дертіне қарамастан жеке кешін ұйымдастырып отыр. Әнші концерт алдында берген сұқбатында өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын айтқан еді. Тіпті, арманындағы кеш үшін дерті туралы ұмытуға тура келген.
Нора Нұғман, әнші, музыкалық продюсер
– Концерт біткеннен кейін өз денсаулығыма қараймын деп. Міне бітті. Енді денсаулығыма қараймын. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мы все победим.
Нора Нұғман 30 жылдық өнер жолында атқарған еңбегі зор десек, артық айтпаспыз. Мен мен деген жобалардың музыкалық продюсері болды, талай талантты шәкірттерді тәрбиеледі. Енді міне, жеке кешін солд-аутпен өткізіп, тағы бір арманын орындап отыр.
– Әсеріңізбен бөліссеңіз. Концерт ұнады ма?
Аша Матай, актриса, тележүргізші
– Әрине ұнады. Ұнамауы мүмкін емес. Себебі неткен дыбыс, неткен дауыс, неткен сахна. Неткен LED экран және де әрине симфонический оркестр. Әрине хор. Оның барлығы үйлесімін тауып бүгін әдемі бір кеш болды.