«Қазақ киноиндустриясының прайм эрасы басталды!» Бұл көрерменнің қазіргі таңдағы жарық көріп жатқан отандық фильмдерге берген бағасы. Топ үштікте: «Ауру», «№37», «Qaitadan» туындылары бар. Ал үздік актерлердің қатарынан кімдер табылды? Киинопродюсерлердің бір-бірінің жобаларын мойындамайтыны қаншалықты рас?
Шеслана Құсаинова, тілші
- Қазақ киноиндустриясының прайм-эрасы! Осы күзде «Ауру», ««№37», «Qaitadan» сынды картиналар жарық көрді. Әлемдік компания Netflix қазақстандық киногерлермен бірлесіп «Бітім» толықметрін ұсынды. Отандық фильмдердің жаңа деңгейге көтерілгені жайында көрермен әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Бұл жайлы шоу-бизнес өкілдері не ойлайды?
2025 жылы қазақ кинонарығында көрермен жауыр болған комедия ғана емес, түрлі жанрда фильмдер таспаланды. Индустриядағы киногерлер: қара комедия, драма, триллер жанларын таңдағанынан ұтылмады, керісінше көптің қызығушылығын оята алды. Мәселен, «№37», «Qaitadan», «Ауру» картиналары бүгінде прайм-эра кезеңінің үздік үштігінде.
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Ондай ой болғаны және сондай сенімі болғаны көрермендерге үлкен рақмет. Біз енді тек тырысып жатырмыз. Сол прайм дегеннің тек басы ғана болсын. Ары қаратай жалғаса берсін.
«Ауру» лентасының трейлері әдеттегі уақыттан ерте жарық көріп, көрерменін 1 жыл күттірді. Ол аздай Қуаныш Бейсек жасаған маркетинг халықтың толықметрге деген қызығушылығын одан сайын арттырды. Бірақ, өкінішке қарай фильм цензураға ұшырап, кейбір сахналары алынып, сеанстар тек 22:00-ден кейін қойылды.
Айтөре Жолдасқали, режиссер:
– Соған бір өкпеңіз бар ма?
– Иә, бар. Тек сөйтіп айта аламын енді. Бірақ солай енді болуы керек шығар. Цензура деген жалпы жаман. Бірақ енді сондай болып қалды. Өкінішке орай.
Дегенмен де «Ауру» фильмі прокаттағы 1-аптасында ақ бокс-офисте көш бастап, жарты миллиард касса жинады. Тіпті фильм «А санатындағы» кинофестивальдерге ұсынылмақ.
Ал прайм-эра актерлерінің топ 3 тізіміне көрермен әлеуметтік желіде Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Аян Өтепбергенді қосқан.
Отандық киноиндустриясының қарқынды дамып жатқанының дәлелі, режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмінің «Оскарға» ұсыныулы. Бірақ, Қазақстан кинематографистер лигасының ресми өтініш білдіріп, аталмыш картина кино премия тізімінен алынып тасталды.
Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, сценарист:
– Қалай болса да біздің дүние «Оскарға» ілініп жатқаны. Ертең әбден барлығымыз 10 шақтылап оскар алып алайық, одан кейін шала бастайық.
– Қазіргі таңдағы қазақ киноиндустриясына 1-ден 10-ға дейін баға беріңізші?
Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер
– Анық 8 ғой. Кейбір продюсерлер мысалға шыны керек енді ақшасы болып тұрып, просто түсіре салатындар болады.
Ақболат Өтебай, әзілкеш, кинопродюсер:
– Қазақстанға, еліміздің экономикасына пайдалы дүниелердің үлкен есіктерін ашып берген Нұрлан ағаларымыз. Оған мен баға беруім менің жұмысым емес шығар. Біздер жасап жатқан адам ретінде, еңбектене береміз. Халық бағасын береді.
Шоу-бизнес өкілдерінің әріптестеріне берер бағасы осындай. Ал көрермен айтпақшы қазақ индустриясының прайм-эра кезеңінің ұзағынан болуы киногерлердің қолында!