Блогер Қабдол Тілеков музыкант Еsко-ға неге ренжулі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еsко деген есім біраз көрерменге таныс болмауы мүмкін. Бірақ «папа қасыңда, папа шаршамайды», «мама, жүрегімді тербеші» деген әннің мәтінін естігенде тыңдарман елең ете қалатыны сөзсіз. Себебі, әуені құлаққа таныс... Репитте жүрген талай тректің авторы әрі орындаушысы Еsко жаңа бейнебаянының түсіріліміне кірісті.

Q1esko, музыкант:

Әннің атауы «Құлагер» деп аталады. Адамның ішкі дүниесіндегі, әрбір қазақ мақтана алатын нарселерді. Әнді тыңдап рухтана алатындай дүние жасап жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз - әрбір қазақтың ішінде жатқан рухани нарсені көтеру. Адами құндылықтар ғана емес, қазақи құндылықтар.

 

1 жыл бойы өңделген тректің бейнебаянына білек-сыбана кірістік дейді. Дайындығын біз де бағамдадық. Расында да, клипі эстетика деп сылтауратып, бір локацияның төңірегінен аспайтын муд-видеолардың қатарынан емес, кадр сыртында 100 адам еңбек етіп жатқанынан-ақ, деңгейін аңғаруға болады.

Q1esko, музыкант:

Бұл біздің екінші күніміз. Біз кеше таңғы 6-дан бастап Алатау бөктерінде болдық. Ат шабыстырдық, Киношный моменттер бар. Әрбір адамның көкейінде жүрген нәрселерді шығарып, өзіміздің батырларымызды, табиғатымызды, ежелгі дәстүрлерімізден бастап, осы уақытқа дейінгі құндылықтардың барлығын бейнебаянмен көрсеткіміз келеді.

 

Бейнебаянда біраз танымалдар бой көрсетпек. Олимпиада чемпионы Ризабек Айтмұхан, боксшы Дулат Бекбауов бастаған тізімді оқырманы көп біраз блогерлер жалғайды.

Дулат Бекбауов, боксшы:

Бұл клипқа түсу карьерамда алғаш рет десем болады. Көп рақмет. Өлең рухани болғандықтан бұндай туындыныға түсу бізге де жақсы деп қабылдадым.

 

Рингте алдына жан-салмайтын боксшы уайымын жасырмады. Камера алдында семсерлесу оңайға соқпады дейді.

Дулат Бекбауов, боксшы:

Қылыштасу бокстасуға қарағанда қиын сияқты. Себебі, бізде 3 раунд 3 минуттан әуесқой бокста, ал бұл жерде өздеріңіз білетіндей соңына дейін ғой…

 

Q1esko бенейбаянға Мұхтар Шахановты да түсіргісі келген екен. Қаралым жинайтын экран жұлдыздары ғана емес, еңбегі сіңген нар тұлғалардың да бой көрсеткенін қалағанымен мүмкін болмаған.

Q1esko, музыкант:

Мұхтар Шаханов ағамыз болғанын қаладым. Басында келісмімсөздер жасалды, бірақ уақытына, графигына қатысты... байланысты болып қалды.

 

Айтпақшы, түсірілім алаңынан Қабдол Тілековты да байқадық. Заманауи беташарист ретінде танылған блогер ғасырлар бұрын дәстүрді дәріптеген беташаршылардың рөлін сомдамақ. Досының бастамасын қолдай келген танымал Ескоға өкпе-назын да жеткізіп үлгерді.

Қабдол Тілеков, блогер:

Ой, Esskо бермейді маған деп, ренжіп қалсаң, жоқ оның стилі басқа ғой. менің стилім әзілге жақын. Бірақ болашақта жұмыс істейміз. Жақсы күнде араласамыз, студиясында көрісеміз. Әндер келетін болса, жазамыз ғой.

 

Еskо бұл ән тәуелсіздікке тартуым дейді. Сондықтан да 16-желтоқсан күні жарыққа шықпақ. Әдетте тректерінің қаралымы миллионнан асатын әнші бұл жолы да тыңдарманның көңілінен шығады деген үмітін жасырмады.

Q1esko, музыкант:

Менің инста парақашама кіріп, постқа кіріп, әнге видео түсіріңіздер! Осы арқылы музыкамыз дамитын болса, белгілі месседжіміз жетеді.