– Волонтер болу ол мен үшін достармен кездесу!
– Волонтер болу мен үшін жігерлі іс!
– Волонтерлік мен үшін сүйікті хоббиім!
– Волонтер болу мен үшін адамдарға көмектесу!
– Волонтер болу – мен үшін үлкен құрмет!
Бірі өзін танытқысы келеді, екіншілері жақсы орта табуды қалайды, тағы бірі тәжірибе алмаспаққа ниетті. Қалаулары әртүрлі, бірақ оларды түпкі мақсаттары біріктіреді. Себебі, бәрі қоғамға пайдалы болуды таңдағандар. Олар – еріктілер. Өткен апта волонтерлер мерекесі аталып өтілді. Алматы марафон ұжымы «айтулы күнді елеусіз қалдыра алмадық»,- дейді.
Салтанат Қазыбаева, «Almaty marathon» race-director:
– Бүгін біз біздің шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық волонтерлерді шақырып, оларды марапаттау жөн деп санадық. Біздің шараға өз қалауларымен қатысып, түрлі тапсырмаларды орындайтын жастардың сіңірген еңбегі ұшаң-теңіз. Сондықтан бұл күнді елемеу біз үшін сын болар еді.
Марафон күні тынбай еңбек ететін еріктілер бұл жолы демалды. Себебі олардың жүгін ұйымдастырушылар арқалап, бар қызметті мойындарына алды.
Алтынай Кенжебек, еріктілермен жұмыс жөніндегі маман:
– Бүгін біздің орынымыз ауысты. Волонтерлер қонақ ретінде келіп жатыр. Оларды міне біз 14:30-дан бастап күтіп жатырмыз. Бізде виндерлар орналасқан. Солай олар кіреді.. Оларды күтіп алады. Әрі қарай сөрелік номерлерді алады... әдеттегі ұйымадстырушылар, волонтер ретінде қызмет етіп жатыр.
Валихан Тен, «Almaty Marathon» шарасының ресми өкілі:
– Биыл 8 мыңнан астам волонтер тіркелді. Бұл тек Алматыда емес, Түркістан, Тараз, Астана қалалары бойынша көрсеткіштің жиынтығы. Ойлаңызшы, 8 мың адам қоғамға пайдалы болуды таңдады. Көз қуантатын сандар, солай ғой?
«Оқушы кезімнен волонтермын»,- деген Дамеля Сагадинова ЖОО аяқтап, қызметіне кіріссе де, ерікті болудан бас тартпаған. Бүгінгі кешке келіп сөз алған ару бұл жұмыстың пайдалы тұстарын тізбектей жөнелді.
Дамеля Сагадинова, ерікті:
– Ең бірінші мен өзімді жаңа қырымнан таныдым. Өзімді лидер ретінде көре бастадым. Және де бәлкім қазіргі бейнем, болмысым волонтерлықтың арқасы шығар едп ойлаймын. Үлкен мероприятия, іс-шарада атсалысқанның арқасында сенің өзіңе деген жауапкершілігіңді өзгертіп, жауапкершілігіңді арттырасың.
Алматы марафонды ұйымдастыруға атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне еңбегіңіз сіңгенін қаласаңыз, есік қашан да ашық дейді әкімшілік. Арнайы іріктеу жоқ, қоғамға пайдалу болуды таңдаған кез-келген адамды қабылдауға ниетті екендерін де жеткізді.