«Ауру» фильмімен танылған Дильназ Құрманғали көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ауру» фильмі жарық көрген бойда үлкен резонанс тудырған, атышулы картина. Сәйкесінше, картинаның актерлық құрамы да көптің назарында! Олардың қатарында бас кейіпкерді сомдаған актриса- Дильназ Құрманғали.

Дильназ Құрманғали, актриса:

Кастингтен өтемін деп ойламадым. Сосын екінші кезеңге келсем, Аян Өтепберген отыр екен. Ол кісімен біз басқа жобаға түсіп шыққанбыз соның алдында. Сөйтіп осы жолы да бірге түстік.

 

Дильназға да шығармашылық ұжым бірден ұнап, ол жас режиссер Айтөре Жолдасқалимен жұмыс істеуге ниет білдірген. Алайда жоба авторлары аруға шаш алуға тура келетінін жеткізгенде, актриса ұзақ ойланған.

Дильназ Құрманғали, актриса:

Енді қызбын ғой... Енді шаш алу деген шынымен қиын ұсыныс болды маған. Себебі басқа да жобаларым болып. Өзімді жақсы көрмей қаламын ба деген сияқты неше түрлі ойлар келді

Көпшілік 10 миллион теңге шашын алғаны үшін беріпті дейді. Сол рас па?

Дильназ Құрманғали, актриса:

Достар, шаш алғаны үшін ешкім 10 миллион бермейді деп ойлаймын. Ол дұрыс емес. Ол жалған ақпарат. Енді бұл шу шығару үшін, хайп көтеру үшін қойылған ақпарат шығар деп ойлаймын.

 

«Ауру» фильмінің желісі бойынша жас отбасы несиелерінен құтылу үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Алайда жалғанды жалпағынан басамын деген олар күтпеген жағдайға тап болады. Драма мен триллер жанрын біріктірген картинаның басым бөлігі экшн сахналардан тұрады.

Төбелес сахналары өте көп. Жалпы қалай болды? Барлығын өзіңіз жасадыңыз ба?

Дильназ Құрманғали, актриса:

Барлық сахналарды өзім жасадым, бір сахнадан басқа. Ол менің кейіпкерімді лестницадан құлататын жерде... Сау жерім қалмағаннан кейін «Кешіріңіздер, бұл жолы өздеріңіз жасай салыңыздаршы» деп сұрадым.

«Ауру» фильмінен кейін қандай да бір қиындықтар туындаған жоқ па психологиялық тұрғыда, эмоциялық тұрғыда сізге?

Дильназ Құрманғали, актриса:

Түсірілім барысында пайда болды. Жүйкемде ақау, дірілдеу деген сияқты анық белгілерді байқай бастадым.

Шаш алу, таяқ жеу, денсаулық нашарлау. Иә, Дильназ Құрманғали рөл үшін осындай батыл шешім мен құрбандыққа барды. Алайда сол үшін лайықты гонорар ала алды ма? Сұрақты төтесінен қойдық.

 

Дильназ Құрманғали, актриса:

Мен бұл жобаға ақша үшін түскен жоқпын! Ол жерде ақшасы да ондай керемет болған жоқ. Бұл бірінші өнер үшін деп, тәжірибе үшін түскен кино туындым еді.

 

Қуанышқа орай, қазір актрисаның денсаулығы өте жақсы. Бүгінде ол көпшілікке өзін жаңа қырынан танытпаққа ниетті. Бұл идеяны арудың жары ұсынған. Айта кетейік, актрисаның күйеуі НТК арнасының үздік жобалары «Шыда», «Параллель» атты сериалдарында талай рөлдерді сомдаған.

Дильназ Құрманғали, актриса:

Мен қазір музыкамен айналысып бастадым. Музыкамен негізі осы 6 жыл болды айналысып жүргеніме. Бірақ осы жылы кәдімгідей кірісемін деп шештім. Себебі, жолым ашылып жатыр қазір музыка жағынан.

Қазіргі таңда болашақ әнші тынымсыз ізденіс үстінде. «Мені инди-рок жанрында көрсеңіздер, еш таңқалмаңыздар»,- дейді өнер иесі.

Релиз дайындап жатсыз ба? Аты қандай?

Дильназ Құрманғали, актриса:

«Елестетпейді» деген «Еркелетпейді», «Елестетпейді» деген әндерімосы шығады бұйырса осы немесе келесі ай.