Музыка индустриясында жаңа есім! Баян-Сұлу атымен танылған әншінің алдағы жоспары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Эстрадада жаңа есім! Алдымен «ауа-рай» әні тик-токты жаулады. Кейіннен «елең-елең көңілі» жайлы әуендетті. Сосын «сондайы бар» екенін айтты. Кейінгі жарты жылда Баянсұлу не деп шырқаса да хитке айналуда.

BAYANSULU, әнші:

Келесі жылы үлкен жаңалық Алматы аренада жеке концертім. Көктемде нақтырақ наурызда болады. Толық бекітілген соң нақты ақпарат айтамыз.

 

12 мың адамдық стадионды толтыруға ниетті әнші ән-қоржынының аз екенін біледі. Бірақ бұл жоспарды іске асыруға кедергі емес. Аз уақытта репертуарымды толықтырып, трек-листті жасақтаймын дейді.

 

BAYANSULU, әнші:

Қазір айналдырып жатқан әннің аты «жазба маған» деп аталады. Біздің стильден басқашалау. Өзімізге эксперимент ретінде көрдік. Билли Айлиш стилінде. Сол ән шығады. Сосын «миды шірітпе» деп аталады. Оны ешкімге көрсеткен жоқпыз..

 

Баянсұлу кенеттен қонған бақтың әсері болғанын жасырмайды. Жұлдыз ауруына шалдыға бастағанында продюсері бұл дертін тізгіндеп үлгерген екен.

BAYANSULU, әнші:

Негізі адамға өзіне білінбейді ғой ондайы. Бірақ бір-екі сәтте байқадым сондай қасиеттерімді, бірақ онымен жұмыс жасап бәрін орынына келтірдік. Мен өзім айтқам продюсеріме: сондай қасиеттерім шықса айтыңыз, бірге күресеміз, деп айтқан кездер болды, продюсеріме рақмеет.

 

Баянсұлу продюсері Алишер Бұрхановпен 5 жылға келісімшартқа отырған көрінеді. Құжатқа сай осы аралықта тұрмыс құруына тиым салынады. Ғашығың кездессе сертіңді бұзар ма едің деген сауалымызға біраз тосылды. Соған қарағанда жүрек таңдауына ерік береді-ау деп топшыладық. Сосын

 

BAYANSULU, әнші:

Мен үнемі айтамын, көңілді, қарапайым, иманы бар болса, мені еркелетіп, түсінетін адам болса, арманымыз, мақсатымыз бір адам болса болды.

 

Талап-тілегіне сай болсаңыз, қыз көңіліңізден шықса, 5 жыл күтуіңізге не келісімшартты бұзып, айыппұл төлеуіңізге тура келеді-ау. Десе де сылқым әзірге тұрмыс құруға асықпайды. Ел ішінлде танылып алған соң, халықаралық конкурстарда топ жаруға ниетті. Сәттілік серігіңіз болсын.