Кәмшаттың жұбайы Ғазрет Қажымұқанұлы да жаңа ұсыныстарға ашық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кәмшат қана емес, жұбайы Ғазрет те кинокеңістікке қайта оралды! 3 жылға жуық индустриядан алшақтаған сері жаңа ұсыныстарға ашықпын дейді.

Ғазрет Қажымұқанұлы, актер:

2,5 жылдай өзім әдейі тыныштыққа кеттім, енді осы 2026 жылы қайтадан іске қосылып жатырмын.
Бұл тыныштықтың себебі неде, неге кино кеңістіктен алыстадыңыз?
Кейде сондай пауза болады. Әр актердің өзінің өмірінде сондай пауза болады. Сол актер өзгеруі керек, тарихы өзгеруі керек. Көзде бүкіл нәрсе жазылып тұрады ғой, көз өзгеруі керек. Жаңа рөлдерге дайындық былай айтқан кезде.


 

Өзін өзге қырынан танытпаққа бекінген актер жаңа амплуада бой көрсетуге дайындалдым дейді. Сондықтан продюсерлердің талай ұсынысынан бас тартқан екен. Сондай-ақ, отбасына көңіл бөлуді ұйғарғанын да жасырмады.
Ғазрет Қажымұқанұлы, актер:

Жақсы ұсыныстар түскен кездер болды. Жартысынан көбісінен бастарттым. Ал, қалғандарына бір келіспеушіліктер болды. Сценарий жағынан, екіншісі финанс жағынан, шыны керек.

Ғазрет Қажымұқанұлы, актер:
Ғазрет мырза, қандай ұсыныстарға дайын және қандай рөлдерді сомдауға дайындалып жүр? 2 жыл дайындалды, дейікші, дұрысы?
Өмірімде енді тарихи рөл болған жоқ. Әр рөлге дайынмын, ашықпын. Сондықтан, бұйырса енді алдаға уақытта көрерсіздер деп үміттенемін.

Жақында білесіздер деп жасырған жаңалығы мынадай. Алдағы уақытта Кәмшат Жолдыбаева мен жұбайы Ғазрет Қажымұқанұлы жаңа жобада бой көрсетпек. Үзіліс алған жас-жұбайлар киноиндустрияға осылайша бірге аяқ баспақ. Ендеше сәттілік тілейміз!