Гүлнәз Жоланова «жас актрисалар орнымды басты!» - деп мұңын шақты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлнәз Жоланова осыдан 3 жыл бұрын тұрмысқа шығып, кейін ана атанып шығармашылық жолында үзіліс алған еді. Бүгінде киножұлдыз актерлік мансабын қайта қолға алып, жұмысқа кірісіп те кетті.

Түсірілім алаңын жатырқап қалған жоқсыз ба? Қалай болды?

Гүлнәз Жоланова, актриса:

Жатырқадым деп айта алмаймын. Бірақ та сағындым! Дисциплина жағына келетін болсақ бұрынғыдай бәріне етім үйренген екен. Ештеңені ұмытпағанмын. Сағынғанмын.

Алайда декреттен енді оралған актрисаға сұраныс бәсеңдеген сыңайлы. Десе де «ұсыныстарға қашан да ашықпын» дейді Гүлнәз Жоланова.

Гүлнәз Жоланова, актриса:

Алып бара жатқан көп ұсыныс бар деп те айта алмаймын. Сол нарықтағы барлық актрисаларға келетін ұсыныс маған да келеді. Ол көп аз деп те бөле алмаймын.

Актриса ретінде кімді ойнағыңыз келеді және қай режиссермен жұмыс істегіңіз келеді?

Мен көптен бері Алишер Утевпен жұмыс істегім келеді. Айтөремен. Жас режиссерлармен жұмыс істеп көргім келеді. Қуаныш. Рөлге келетін болсақ қызықты, жарқын дерзкий күшті рөл болса неге алып шықпасқа.

 

Айта кетейік, Гүлнәз Жоланова осыдан 2 жыл бұрын атұстардың анасы атанған еді. Киножұлдыз мансабын одан әрі жалғастыруға отбасылық өмірін қатар алып жүру, оңай емес екенін жасырмады.

Анасыз. Балаңыз бар. Барлығына үлгере аласыз ба?

Гүлнәз Жоланова, актриса:

Әрине үлгере алмаймын. Көмекшілерім бәрі бар. Дегенмен соның өзінде де үлгермеймін. Кейде мына жаққа уақытым көп кетеді. Кейде жұмысқа кетеді.

 

2014 жылы танымал продюсер Баян Алагөзова Гүлназ Жоланованың бағын жағып, оған кино әлемінің есігі айқара ашып берген еді. Осы уақыт аралығында көптеген ірі жобаларда басты рөлде ойнап, халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Бүгінде актрисаның продюсерлерге қояр қиын талаптары жоқ. Тек:

Гүлнәз Жоланова, актриса:

Ең бастысы бұл маған сценарий ұнауы керек және де ансамбль дейміз, режиссер. Енді барлығы дейтін үйлесіп тұрса ар жағы тек қана шығармашылық процесс.

Гонорар ше?

Иә, бірінші орында!

Білсек бола ма гонорарыңызды?

Бұл енді дейтін қай жылдан бері келе жатқан сондай құпия ғой.

Дегенмен өсті ме гонорарыңыз?

10 жыл бұрынғыдан иә.


 

Автор: Ш. Құсаинова