Ұшқын Жамалбек көз жасына ерік берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оның қоңыр даусы мен әуені өзгеден бөлек. Әр туындысы Алтай мен Атыраудың арасын, кең қазақтың даласын еске салады. Өнеріне қазақылықтың иісін сіңірген Ұшқын Жамалбектің үлкен сахнада жүргеніне биыл -15 жыл. Айтулы күнге орай, өнерпаз симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Мұзбалақ» атты шығармашылық кешін өткізді.

Ұшқын Жамалбек, музыкант, композитор:

Бір өзің қаншама инструменттер тірідей таза ойнап жатқан кезде мен соның ішінен өзімді шыны керек, соларға жауап беріп алып шығамын деген біржағынан қорқыныш, уайым бәрі басып басында 3-4 өлеңнен кейін ақырын жібере бастадым.

 

Ойы ұшқыр Ұшқынның көптен бергі арманы орындалды. Ол ұстазы, өмірдегі ағасы Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге Халық әні «Самалтауды» орындады. Кейін ортаға композитордың шәкірті қосылып, көрермен ұрпақтар сабақтастығына куә болды.

Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның Халық әртісі, актер:

Ұшқынның өзінің жасаған керемет бір концепциялық әні бар. Халық оны біледі. Бірақ оны қазір айтпай ақ қояйын. Қазір сахнадан көресіздер. Соған мен қосылып Ұшқынмен бірге сахнаға шығамын, әніне қосыламын

 

Ұшқын Жамалбек өнердегі жолын 2009 жылы «Алашұлы» тобынан бастаған болатын. Жеке кетседе жігіттердің арасындағы достық әлі күнге дейін үзілмеген. Қатарластары Мақсат Рахмет пен Әзімбек Байлин алғысын білдіріп, астына ат мінгізді.

Мақсат Рахмет, актер:

Жүрек толқып қуанып тұрмын, Ұшқын үшін қуаныштымын өте. Қазақ эстрадасында қаншама әншілер бар, солардың барлығы сенің әніңді шырқайды бүгін. Келе алмай қалғандары қаншама, әйтпесе сол Қайрат Нұртас та, Төреш те Ұшқынның әндерін айтып жүр

Әзімбек Байлин, әнші:

Өзі Ұшқын десе Угәй деген ән қатар жүреді. Ұшқын десе Угәй дейміз.

«Өзгелер мені мінсіз музыкант деп қабылдайды. Десе де, техникалық қателіктерге байланысты, вокал жағынан кемшіліктер кетті», -деп Ұшқын мырза көңілі толмағанын да жеткізді. Қатты қобалжудан ба, әлде іштегі әттеген-ай ма, тіпті көзіне жас алды.

Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:

Кейбір нәрсеге толқып жас алатын шығармын, бірақ мына жерде еріксіз кетті. Өйткені шыны керек қанша уақыттан бері осыған дайындалдым, мен көп ішінде әттеген ай деп жіберіп алған, қобалжыған кезде жіберіп алған енді ол басына келген адам біледі да.

6 жасында қолына домбыра алған Ұшқын Жамалбектің сазгерлік қыры бір төбе. Ол «Қара шаңырақ», «Тар заман», «Мұзбалақ» анимациялық фильмдерінің саундтректерін жазған.

Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Ұшқынның бір өзінің жан дүниесі қандай болса, концертте сондай. Жалпы кез келген өнер туындысы өнер иесінің болмысына байланысты болады. Ұшқын өзі биязы, көркем жігіт болса, бүгінгі концерт те дәл сондай керемет көркем деңгейде болды.

 

Сахнада «Адай» күйін дүбірлеткен «Хассак» тобы, Мөлдір Әуелбекова мен Гүлнұр Оразымбетова қонақтар қатарында болды. Екі сағаттық концертте 30-ға жуық туынды орындалып, сахнаның өзгеше әрленуі де тыңдарманды тәнті етті.

Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:

Өзімнің ойымдағыдай мысалы 10 бал берсем, өзімнің ойымдағыдай шығады дегеннен, енді көрерменге ұнауы мүмкін, сіздер көріп жатырсыздар. Мен бір 7 деген баға берер едім. 10/7 өзімнен, шығармашылық жағынан жетпеген тұстары болғанын мойындаймын.

Автор: А. Сауытбек