Нарықты тек шетелдік туындылар жаулап тұрған тұста Нұрлан Қоянбаев алғашқылардың бірі болып өз қаржысына толықметр таспалаған еді. Осылайша кинопродюсер отандық фильмдер де сұранысқа ие екенін, прокатта бәсекелес бола алатынын әрі шығармашылық шығынның өтелетінін дәлелдеген-ді. Шетелде кино түсіруге бекінген де Нұрлан мырза еді. Таяу Шығыстан бастап Америкаға дейінгі өңірлерде түсірілім өткізген Қоянбаев бұл жолы ат басын Вьетнамға бұрыпты.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
–Біз міндетті түрде осы 4-5 ай бұрын барамыз сол елге, сол елден өзімізге серіктес компания іздейміз, сол продакшн компания мойнында, біздің барлық жұмыстарымыз заңды болуы. Және де біз енді бөтен елде жұмыс істегеннен кейін, 20-25 адам болып барамыз ғой, қалған 40-50 адам сол жергілікті мамандырып алады, сол мамандарды жинау үшін сондай бір компанияны арнайы шақыртамыз.
АҚШ пен Африкадағы тәжірибені еске алған продюсер Вьетнамдағы түсірілім біршама оңай болды дейді.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Америка Құрама Штаттарында біз 6 сағатқа ма бір не алғанбыз, тратуарды түсіруге, соның уақыты өтіп кетіп бір 10 минут өткен кезде полиция келдіғой, анадай бір жоқта жарты сағат қалды түсіре салайықшы деген жоқ. Қайтадан барып қайтадан 6 сағатқа мемлекетке салық ретінде төледік.
Шығармашылық ұжым Вьетнамдағы түсірілімді аяқтап, елге оралған. Филмьнің желісі ауылдардың бірінен өрбитін болғандықтан жартысын елде таспалаймыз дейді. Айтпақшы, кинопродюсер кастқа дипломы бар, кәсіби мамандарды таңдадық дейді. 4 айға созылған іріктеуден соң басты рөлге Рүстем Жаныаманов, Мадина Оспан мен Бақытгүл Серікбаеваны бекіткен екен.
Рүстем Жаныаманов, актер:
– Енді қиын болған нәрсе — сол ауа-райы шығар. Өте ыстық, таңнан түнге дейін сондай ыстық болып тұрады екен. Бізді құтқарған сол кондиционер ғана ғой. Соған қарамастан, жұмысты жақсы жасадық.
Ал Мадина Оспан бірер экшн сахна қиынға соққанын жасырмады. Бәрінен бұрын балам мен отбасымнан жырақты жүру оңай болмады деп түсйіндеді.
Мадина Оспан, актриса:
– Мен жалпы жүзе алмайтын адаммын, судан қорқамын. Бірақ бір кадрда, бір дубльде бассейнге артқа қарай құлайтын сахна болды. Еңді бар күшімді жинап түстім. Жарақат алған жоқпын, бірақ қорқынышты екен . Қайта бір жағынан қуанамын, себебі бәрі бір дубльмен құлағаным жақсы болыпты . Егер екінші мүмкіндік болатын борлса керек болғанда, қайта түсуге бармайтын едім . Одан кейін суға даже
Айтпақшы, көпшілікке Қылышбек рөлімен танымал Рүстем Жаныаманов «бұл фильмде өзгеше амплуада бой көрсетемін»,- дейді.
Рүстем Жаныаманов, актер:
– Бұл рөлде мен жаңағы салмақты… Менің рөлім — бұл жерде ауылдың баласы, кішкене бір нәрсе бастағысы келетін, бірдеңе істегісі келетін сондай рөл менде. Оның бәрін айтпай-ақ қояйық. Иә, оны ертең үлкен залда рахаттанып көрермендеріміз көріп жатар.
Автор: Д. Қыдырбек