Әнші туралы

Есмуханбетова Малика 1993 жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласында шығармашылық отбасында дүниеге келген. Кәсіби музыкалық және хореографиялық білімі бар вокалист. Республикалық және шетелдік көптеген вокал байқауларының лауреаты.

1. А.В. Селезнев атындағы xореографиялық мектебі

2. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі

3. Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы («Музыкалық өнер» факультеті, эстрадалық вокал)

4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі (халықаралық қатынастар факультеті)

Жас әртіст сондай-ақ Мәскеуде оқып, Рим қаласында “Vissi d'arte, Vissi d’amore” музыкалық академиясында тәлім алған.

Әлемге әйгілі Оңтүстік Кореяның SM entertainment компаниясы 2011 жылы Қазақстанға жас талантталарды іздеу мақсатымен келген кезде, Маликаға келісім-шарт ұсынған. Алайда анасы жас қызды басқа елге жалғыз жіберуге қорқып, келісім-шарттан бас тартты.

Бала күннен бастап Маликаның өмірі музыка және бимен байланысты болды, Италияда өткен бірінші вокалдық байқауға 6 жасында қатысты.

Сонымен қатар, Малика өз бағын телехикаялар («Вузеры 4», «Кеңесшілер») және музыкалық бейнебаяндарда (Қыдырәлі Болманов және Каракат Әбілдина «Бағым сен», Нұрболат Абдуллин «Жүрегiм», Музарт және т.б.) сынауда.

Әнші репертуарында көптеген авторлық әндер бар, алғашқы бейнебаяны 16-ты жасында жарық көрді. Бірақ 2018 жыл жас талант иесі үшін ерекше болды, себебі Малика Yes шығармашылығында жаңа толқын пайда болды. Бір жылдың ішініде «Кел», «Оинаймаймен сенімен», «Қиындау жауап табу», "New world" атты жаңа әндерi шықты. «Qıyndaý jaýap tabý» әніне түсірілген бейнебаянның тұсауы қыркүйек айында кесілді.