Сахнада тағы бір Рымбаев! Роза Қуанышқызының кенжесі шоу-бизнестің өкілі атанбақ...

Сообщить о проблеме с эфиром
Отандық эстрададағы отбасылық трио! Роза Қуанышқызы, Әли Оқапов... жақында бұл тізімді Мәди Рымбаев толықтырмақ. Бүгінде жаңа әнін жарыққа шығарып үлгерген кенжесіне анасы да, танымал ағасы да көмек қолын созбапты. Отбасындағы қалыптасқан қағиданың жетегінде кетпесе, Мәди Рымбаевтан тәп-тәуір модель шығар еді. Тіпті, шымылдығы түрілген Миландағы сән сахнасының төрінен табылуы да бек мүмкін. Айтпақшы, ең басты фэшн шара Нью-Йорк пен Париждегі салтанаттарды көлеңкесінде қалдырды.