Универсиада ойындарын насиқаттауға ат салысқан журналистер марапатталды

Сообщить о проблеме с эфиром
28-ші дүниежүзілік Универсиада ойындарының жақсысын асырып, жарнамасын жасап, насиқаттауға ат салысқан журналистер марапатталды. Бұл байқауға республика көлеміндегі БАҚ өкілдерінің 149 жұмысы қабылданыпты. Алты аталым бойынша 12 жеңімпазды дербес әділқазылар алқасы анықтаған. «Үздік телевизиялық сюжетке» тағайындалған марапатты РЕВЮ бағдарламасының тілшісі Серік Ноянбайұлы иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықпен қоса Универсиаданың ашылу салтанатына арналған вип билеттер табысталды.