Мен PHD докторымын! Қыдырәлі қытығына тигендерге жауабын берді...

Сообщить о проблеме с эфиром
Ал, универсиада елшісі Қыдырәлі Болмановтың байрақты бәсекеге көңіл бөлуге уақыты жоқ. Соңғы кездері басы даудан арылмаған продюсердің ғылыми атағына әлдебіреулер шүбә келтіргенді. 2015-ші жылы ресейлік ғалымдардың алдында ғылыми диссертациясын қорғаған Қыдырәлі бүгінде қатты қапалы. Танымал продюсердің бұл жетістігіне күмәнмен қарап, тіпті жоққа шығарғандар да бар. Алайда, Болмановтың PHD докторы және психология ғылымдарының кандидаты екені Ресейдің ғылым академиясында емес, аталмыш елдегі жаратылыстану академиясында тіркелген болып шықты. Бұл жайында әнші өзінің инста парақшасы арқылы хабарлап, жұрттың күдігін сейілтпек жайы бар...