Алматылық иглздар қайырымдылық шарасын өз мәресіне жеткізіп, эстафетаны 91 тобына табыстады...

Сообщить о проблеме с эфиром
91 тобын қолдаймыз! Дәл осындай ұранмен «Найнти уан» фанаттары қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын. Өткен жылдың соңында жалауын көтерген эстафетаны күні кеше алматылық иглздар қабылдап, жабырқаулы жандардың жүзіне күлкі ұялатты… Бұл жастар атышулы Найнти уанның табынушылары! Белсенді фанаттарына бойзбенд әншілері мынадай идея ұсынады... Айнұр Бағлан, «Ninety one» тобының фанаты: - 91 тобына біз әр түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Әр түрлі внимание жасаймыз. Ол біздерге айтты, сіздер бұған қаражаттарыңызды жұмсамай, қайырымдылыққа мұқтаж жандарға жасасаңыздар дұрыс болады деді. Осыдан идея алып, эстафета жасадық... Атыраудан басталған қайырымдылық шарасы күні кеше алматылық иглздарға келіп жетті. 91-дің фанаттары бұл игі бастама арқылы егде жастағы адамдарға, жалғыз басты аналарға және көп балалы отбасыларға қол ұшын созып, азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Ал, жабырқау көңілдері әп-сәтте көтерілген Алматы тұрғандарының иглздарға айтар алғысы шексіз... БЛИЦ - Менің жасым 95-те! Жасамай қалған әлі 5 жасымды қосып, раббым сендерге 100 жас берсін. Достарың көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын. - Біздің балаларда өлеңдерін жақсы көріп тыңдайды. Найнти уан деп айтып жүреді әйтеуір. Біз өткенде 1-2 рет телевизордан да көрдік. Рахмет оларға, сендерге де рахмет! - Жақсылық тілеймін. Әлі де істеген істеріңізге сәттілік тілеймін. Алла разы болсын... Дәл осы қайырымды істің басы қасында жүрген жандардың жасы 18-ден басталады. Бұл топта студенттер де, оқуын аяқтап өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жастар да бар көрінеді. Айнұр Бағлан, «Ninety one» тобының фанаты: - Бір күнге жұмсайтын ақшаның белгілі бір қаражатын жинап содан жасап отырмыз. Бізге ешкім спонсор, қаражат ретінде ешкім беріп жатқан жоқ! Ол өзіміздің жинап, өзіміздің жасаған іс-шарамыз болып табылады... Осылайша әр аймақта ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы Алматыда өз мәресіне жетті. Атышулы бойзбенд фанаттары ендігі эстафетаны «Найнти уандық» серілердің өздеріне тапсырды... Мейірхан Бердалиев, «Ninety one» тобының фанаты: - Құрметті 91 тобы! Бүкіл Қазақстанның қалаларында өтіп жатқан қайырымдылық эстафетасын бүгін Алматы қаласының иглздары қабылдады. Бұл тек үлкен істің бастамасы ғана, келесі кезек сіздерде... Серікқазы Аязбаев, Руслан Хасанов.