Жадо мен Меруерттің дауына нүкте қойылды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром
Жадо мен Меруерттің дауына нүкте қашан қойылады? Меруерттің сөзі сүйегінен өткен Жадыра ханым, құзырлы мекемеге жүгінгенді. Ал бүгін ұзаққа созылған сот процесінің кезекті отырысы орын алды. Білек сыбанған екі тараптың да айтары бар. Тілшіміз біліп қайтқан болатын. Жадыра Сахиева, сәнгер: - «Фу» дейтіндей мен адаммын. Мен «фу» дейтіндей мал емеспін. Бөлім-бөлімге жалғасқан соттың соңғы отырысында, Жадо да Меруерт те төраға алдында төбе көрсетпегенді. Тек екі жақтың талабын арқалаған адвокаттар өзара айтысқан болатын. Бұл жолғы отырыста, даулы іске нүкте қойылады деп үміттенген көпшілік, Меруерт ханымды сот залынан көре алмады. Қолқанат Қабанбаева, М. Түсіпбаеваның адвокаты: - Мен жаңа ғана айттым ғой, ауырып жатыр. Денсаулығы сыр берді. Болды басқа ештеңе. - Нақты дәлелдер бар ма екен? - Дәлел бар. Әкеліп береміз. Бастапқыда Меруерт ханымнан моральдық шығын ретінде 20 млн. теңге талап еткен Жадо, енді ақшадан бұрын тапталған намыс пен төгілген арды ұмытуға болмайды, дейді. Жадыра Сахиева, сәнгер: - Мәселе қаражатта емес. Мәселе мен сотқа бергім келіп тұрғам жоқ. Мен тек сұрап отырғаным. Қалай ол кісі инста парақшасына жазды? Қалай теледидарға айтты? Солай халықтың алдында кешірім сұрасын. Бітті! Гүлшара Айдаулетқызы, Жадыра Сахиеваның анасы: - Меруерт айналайын, қайда жүрсің? Қайда қашып жүрсің? Сот барысында денсаулығы күрт нашарлаған Жадыра ханымның анасын, жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.