Кәукен Кенжетаевтың өмірбаяны суреттелген деректі фильм жарыққа шықты

Сообщить о проблеме с эфиром
«Гауһартас», «Біздің сүйікті дәрігер» секілді, озық кинотуындыларға түскен танымал актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың өмірбаяны суреттелген деректі фильм жарыққа шықты. Кеңес кезінде өнерімен талайды таңырқатқан әртіс - ізбасарлары үшін ұлы үлгі. Осы ерекше тұлғаның тағдырының ең елеулі сәттерін Қазақфильмнің жаңа туындысынан табасыз. «Кәукеннің жұлдызы» деп аталатын бұл деректі фильмде, сирек мұрағаттық материалдар қолданылған. Қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан актер, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың тағлымды тағдыры - талайға үлгі. Бойына қонған жеті өнерін, тек халқының игілігіне жұмсаған жан туралы кинотуындының режиссері Ғазиз Насыров. Ғазиз Насыров, режиссер: – Үлгі алу мақсатымыз ғой, жастарға көрсетіп. Бұл тұлғалар туралы фильм түсірсек өзімізге де пайдалы деп ойлаймын. Идея «Қазақфильм»-дікі. Маған түсіресің бе деді, мен келістім. Екі жыл бұрын, Шәкен Айманов туралы түсіргенбіз. Ол екеуі ағайынды ғой. «Гауһартас», «Ел басына күн туса», «Біздің сүйікті дәрігер» секілді алтын қордың мұрасы болған көптеген киноларда ойнаған Кәукен Кенжетаев, 92 жасында дүниеден озған. Ол қартайса да, еңселі бойын тік ұстап, өмірден күліп өткен тума талант дейді ізбасарлары. Нұржұман Ықтымбаев, актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі: – Ананың сүтімен, әкенің қанымен келеді. Кәукен ағалар сондай табиғаттың өзі жаратқан адамдар. Екі дипломы барлар, кәсіпкер болады. Олар қалай жасауды, қалай түсіруді біледі, бірақ «туа алмайды» өздері. Бірнеше фильмдерде басты рөлдерді сәтті сомдап, өнерімен КСРО – ны тамсандырған Кенжетав туралы естеліктерді іні-қарындастары айтып жүр. Енді оның мұрасын бүгінгі жастар тұтынса деген ізгі мұрат бар. «Қазіргі жарнамасы асқан актерсымақтың жанында, Кәукен ағам бір төбе», - дейді інісі Нұржұман Ықтымбаев. Нұржұман Ықтымбаев, актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі: – Зиялылар деп сөйлейді кейде. Зиялылардың жиналысы болайын деп жатыр деп. Мен солардың тоқсан пайызын зиялы деп айта алмаймын. Зиялылар Шәкен аға, Кәукен аға. Кәукен ағамен отыру, жүру, тұру, сөйлесу, бұл кісінің тазалығы, барлығы ақсүйектің қылықтары. Деректі фильмді тамашалаушы көрерменнің арасында жастардың бой көрсетуі аға буынды бір қуантты. Олар «Кәукеннің жұлдызы» туралы ойларын, естеліктерін айтып сағыныштарын басты.