Шыдамның да шегі бар! «KeshYOU» өздерін кемсіткендерге жауап қайтарды!

Сообщить о проблеме с эфиром
Желі оқырмандары «Кешьюлік» арулардың бойынан мін іздеп, жиі сынайтын болды. «Мұрның қисық, екі көзің екі түрлі, пластикалық отаның құрбаны» - деп балағаттағандарға, әнші қыздардың айтары бар. «KeshYOU»-тер квартет болғалы, хейтерлердің қарасы көбейгенін айтады. Қыздардың келбетін келеке қылған ғаламтор қолданушылары, әншілердің табиғи сұлулығына күмәнмен қарайтын көрінеді. «KeshYOU» тобы: - Мұрның қисық, көзің екі түрлі. Шашың осындай, тісің қисық, ернін үрлетіп алған, мынау шаш жалғап алған, бәрі жасанды деп айтып жатады. Мына қыз толық пластикалық операциядан өтіпті деп. Қатты күлкім келді. Ал, жаңа құрамды сахналық әріптестері қалай қабылдады? Әли Оқапов, әнші: - Өткен құрамы қаншалықты сын немесе әр түрлі пікірлерге ие болса, дәл осы құрам жаңа тыныспен жаңа толқынмен, жаңа бағытпен өнер көрсетеді деп үміттенемін. Олар ұқсамайды өткен құрамға, өйткені олар төртеу. Төрт қыз дегеніміз - төрт дауыс. Төрт дауыс біріккен мықты жоба болады деп ойлаймын. Жазира Байырбекова, әнші: - «Лашын» тобы маған қатты ұнайтын. Ол енді «KeshYOU»-ге кіргеннен кейін, Лашын мен Кешьюді қосқан, тіпті, керемет деп ойлаймын. Екі жақтың өнері қосылған. Мен сахнадан оларды көргім келеді. Сынның садағына іліксек те, топтың жұмысы тоқтап қалмақ емес - дейді арулар. Ал желіде жөнсіз сөккендерге, гелзбенд әншілерінің айтары мынау. «KeshYOU» тобы: - Біздің еңбегімізді көрмей жатып, сын айтып жатқандар өте көп. Халықтың 80 пайызы солай баға беріп жатыр. Өнерімізді байқап бағаласаңыздар екен деп өтініш айтамыз сіздерге.