«Yuframe» Алматылық жастар үшін «Наурызға» тарту әзірлеп жатыр

Сообщить о проблеме с эфиром
«Yuframe» командасының әзірлеп жатқан тосын сыйын көпшілік тағатсыздана күтуде. Әз-Наурызды мерекелеудің тың үлгісін ұсынуға ниетті вайнерлердің дайындығын біз де бағамдап қайттық. Бағалы тас іздеп, кен қазғандай күй кешемін дейді Арман Юсупов! Әлбетте, креативті, заманауи жастар алдында өнер көрсетудің жүгі жеңіл болмасын сезеді. Сондықтан да, күн мен түн сценарий жазып, тың идея іздестіруде. Себебі, 21-ші Наурыз «Алматы аренадағы» MUSIQ SUMMIT фест тізгіні «Yuframe» командасы мен Жека фэтбелидің еншісіне тапсырылған. Арман Юсупов, «Yuframe» жобасының негізін қалаушы: – Смартфондары арқылы күнде бізді көріп, өзінің жақын адамы ретінде қабылдайтын жастар үшін өнер көрсету оңай. Өйткені, кәсіби жүргізушілерге қарағанда тәжірбиеміз аздық етіп, қателік жіберіп алсақ та олар бізге кешіріммен қарайды. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылатын өнерлі жастар бастаңғысы Ұлыстың ұлы күнін думандатудың тың үлгісі болуы тиіс! Ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, бүгінгі күн өкілдерінің сұранысына сай бейімдеу басты мақсат. Арман Юсупов, «Yuframe» жобасының негізін қалаушы: – Бір бөлігі граффити салып, келесілері хип-хоп батл жасап, бүгінде трендтегі спорт түрлерінен сайысқа түсетін жан-жақты кеш болады! Мұнда шығармашыл жастар бас қосады. Олардың пайдалы іспен айналысып, уақытын қызықты өткізуі үшін біз атсалысамыз. Бұл алаң экстремал спортшыларды, хип-хоп пен электронды музыка табынушылары мен би шеберлерін топтастырады. Яна Хох, «Musiq Summit” фестивалінің ұйымдастырушысы: - С - BIG SOM мен DRUM ATTACK және L'One біздің фестивальдің хедлайнерлері! Олар қазақ және орыс тілдерінде хип-хоп батл ұйымдастырып, оза шапқанқандарын іріктейді. Кеш соңында, өздері жеңімпазбен бірге өнер көрсетеді деп күтілуде. Электронды музыкада біздің басты жұлдыздарымыз - DJ Headhunter, Lucky Charms және Александр Попов. MUSIQ SUMMIT фестивалінің күндізгі бағдарламаларына қатысу тегін!