Алматы облысында 8 баланың анасы далада қалды

Сообщить о проблеме с эфиром
Алматы облысында 8 баланы асырап отырған отбасының жағдайы мүшкіл. Алтын алқа иегері, батыр ана перзенттерімен әр жерде күнелтіп жүрген көрінеді. Ал, жабырқаған жандардың құлазыған көңілін өнерпаздар қауымы аулап қайтты. Бұл Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы 8 баланың анасы Толқынай Нәметқұлова. 2008-ші жылы Тараз өңірінен көшіп келген отбасы баспанаға зәру. Мына бір бөлмелі жалдамалы үйге ай сайын 15 мың төлейді екен. Ал, пәтерақысы уақытылы берілмесе, қожайынның қаһарына ұшырайтыны тағы бар. Толқынай Нәметқұлова, көпбалалы ана: - Далаға екі күн қондық. Қожайын үйдің ақшасын бермедің, пәтерақысын деп, есікті құлыптап 2 күн үйіне кетіп қалды. Далада отырдық сол жерде 2 күн жаттық... Шв: жылаған видеоларын музыкамен... «Алтын алқа» тағынған батыр ананың мемлекеттен айына алатын жәрдемақысы бар болғаны 12 мың теңге. Отағасы ақ таңертеңнен кешке дейін қара жұмыста. Толқынай Нәметқұлова, көпбалалы ана: - Жергілікті әкімшілікке бардық. Жер жоқ дейді, бәрі жекеше дейді. Үйдің кезегіне тұрғызып қойды 2013-те. Одан кейін ешқандай көмек болмады. Бұл жолы жергілікті әкімшілікке біз де бардық. Ауыл басшысының есігі жабық. Ал ауылдық округ қызметкерлері жауаптан жалтарып, ат-тонын ала қашты. - Мен бере алмаймын. Менің комментарий беруге құқығым жоқ. Дегенмен, панасыз жүрген отбасыға көмек көрсетіп, қол ұшын созушылар да табылды. Әнші Әбдіжаппар Әлқожа көпбалалы отбасыға азық-түлігін алып, жәрдемдесуге келіпті. Әбдіжаппар бір ғана көмекпен шектеліп қалмақ емес! Алдағы уақытта әнші жігіт өнерпаздарды жанына жиып, тағы бір бастаманы қолға алмақ ниетте. Әбдіжаппар Әлқожа, әнші: - Бір миллион қазақ 1 теңгеден жинаса да, бір миллион теңге береді екен былайша айтқанда. 100 теңгеден жинаса одан да көп. Сол сияқты жердің бастамасын бастап жатырмыз. Осы кісілерге жер әперсек. Ел болып, жұрт болып. Толқынай Нәметқұлова, көпбалалы ана: - Рахмет мына ініме. Маған осылай көмектесіп жатқанына. Құдай жар болсын оған. Әрдайым жолы болсын.