Данияр Алшыновтың енді киноға түспейтіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром
Актерлыққа машықтанбай-ақ, кино өндірісте бағы жанғандар бізде жетерлік! Мәселен, Данияр Алшынов банктегі қызметін тастап, түсірілім алаңына келсе, Шәріп Серіктің заңгерлік дипломы шаң басып, сөресінде жатыр! Бұл сіздің де әртістікке таласыңыздың барын аңғартса керек. Режиссерлардың көзіне қалай түсуге болады? Елдегі 56 театрда қызмет ететін актерлардың барлығына бірдей үлкен экраннан көрінуге мүмкіндік беретіндей бізде ауқымды кино нарық жоқ. Әйткенмен де, кәсіби мамандарды шетке ысырып, картиналарда бой көрсеткендердің бары анық. Осы салаға аяқ басқан жылы-ақ үш бірдей кассалы фильмге түсіп үлгерген Данияр Алшынов, азулы режиссерлардың назарына қалай ілікті? Данияр Алшынов, актер: – Кеңседегі қызметімнен шаршаған сәтте, кино іріктеуге барып көрсем қайтеді деген ой келді. Бұл сала маған ұнағанымен, ата-анам мен сүйіктім қарсы болды. Дегенмен, мен алған бетімнен қайтқан жоқпын. Актер болу жаныңды жегідей жеп жұмыс істеуді талап етеді. Бірақ, мен өкінбеймін. Түсінгенім үнемі өзіңді қамшылап отыру керек екен. Бұл талпынысы мен еңбегін ең алғаш - Ақан Сатаев бағалағанды. Ақан Сатаев, режиссер: – Дарынды жан далада қалмайды. Бірақ, табиғи талант жеткіліксіз. Мамандардан дәріс алып, үнемі ізденісте болса, кинода бой көрсете алады. Асқар Ұзабаев,  режиссер: – Сценарийді актерларға бейімдеп жазамын. Әр кейіпкердің образын аша алатын мамандарды таңдаймын. Сосын, іріктеу кезінде тұспалдауымның дұрыс, әлде бұрыс болғанына көз жеткіземін. «Үздік актер» мүсіншесін қанжығалап, үсті-үстіне тың туындылары жарыққа шығуымен дараланған Шәріп Серіктің табыстылығы көпті таңдандырады. Заңгерлікке машықтанған жанның вайн түсіру арқылы ғана жұлдызы жанғаны қалай? Шәріп Серік, актер: – Мен кастингке келгенде телефонымды алдарына лақтырып, есікті қайтадан жауып қоймаймын ғой. Берілген текстті жаттап, осының бәрін ойнап, көрсетіп режиссерге. Әрине инстаграм, вайн өмірімде бір трамплин болды. Ол да үлкен көмектесті маған. «Актердың көзінен от байқасам болғаны, қажетті қалыпқа салу - менің жұмысым» - дейді Сатыбалды Нарымбетов. Сондықтан болар, режиссер шамшырағын жаққан әртіс жетерлік. Сатыбалды Нарымбетов, режиссер: – Мен көзіне қарап іздеймін актерларды. Көзде болады. Берік Айтжанов деген актер бар. Қазір мықты. Ақ боз аттың үстіне мінді. Өнердің саңлақтырның бірі. Санжар Мәдиев. Мен медийный лица ма деп қорқып едім. Ішінде діңгегі мықты екен. Ерболат Тоғызақов «Қазақфильмнің» қара жұмысшысы болған. Егде тартқан шағында Ермек Тұрсынов киноға әкелді. Бұл мысал - мақсатқа жету мүмкіндігі әркімде-ақ барын аңғартса керек.