Ademi фобиясын жеңе білді! Әншіні мазалаған қандай қорқыныш?

Сообщить о проблеме с эфиром
Махаббат хақындағы әсерлі әуен және онда баяндалатын оқиға жүректерге жету тиіс. Сондықтан да, бұл композицияны екі тілде жаздырдым, - дейді әнші. Ademi дәл осы әнге бейнебаян таспалауым қажет деп құлшынғанымен, кейін бармақ тістеп қалды. Адэми, әнші: – Жан-жағымда орын алып жатқан жәйттың барлығы менің бақылауымда болғаны маңызды. Көзімді жауып қойып, маған қанжар лақтырғанда басым айналып, жылап та алдым. Өмірде ешкімге сенбейтіндігімнен шығар. Әлсіздік танытқанымның әбестігі жоқ. Әйелмін ғой. Расында, нәзік жандылығын танытып біраз қиғылық салды. Әйткенмен де, өнер де құрбандықты талап етеді! «Қалауын тапса, қар жанады» демекші, Адэми енді акробатикалық әрекеттерді меңгеремін деп құлшынып отыр. Адэми, әнші: – Үйреншікті бозбала мен бойжеткен арасындағы ғашықтық емес, махаббатты өзгеше интерпретацияда көрсетеміз! Қалыптасқан қағиданы бұзғымыз келеді. «Жаңа толқын» байқауында «Show Must Go On»-ды шырқағанымда, көпшілік шығыс әуендеріне ұқсас ән жазуымды сұраған. Сол өтінішті орындамақпын. Вальтер Риччидің қолқалауымен әнші Италияға аттануы тиістін. Бірақ, серінің ұсынысын кейінге шегеруге тура келген. Көпшілік топшалағандай, арамызда махаббат жоқ, - дейді Адэми. Дегенмен, скайп арқылы ата-анасымен танысып үлгерген. Адэми, әнші: – Мамырда Италияға аттанып, «Мне нравится с тобой» әніне бейнебаян түсіреміз. Еуропалық стильге жақын дүние болады деп сенемін. Бұл сапар барысында Адэмиге сәнбике болу да ұсынылыпты. Подуимға шығар сәті де қыр астында.