Головкин мен Сондерстің жоспарланған жекпе-жегі неліктен драмаға айналды?

Сообщить о проблеме с эфиром
Қазір Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерстің командасы алдағы жекпе-жек туралы нақты келісімдерге келе алмауда. Британиялық боксшы бірнеше рет Головкиннің намысына тиетін жазбалар да шығарып үлгерді. Астанада өтуі ықтимал бұл кездесудің қаржылай талаптары да, екі боксшының промоутерлерінің қолайына келмей тұрған секілді. Әзірге, жанкүйер жұрт тек рингке дейінгі жекпе-жекті жарналамау құбылысына куә болып отыр. Қазақстандық өзге кәсіпқой боксшылар да қарсылас іздеп жүр. Жанқош Тұраров, қазіргі таңда, WBA тұжырымы бойынша әлемдегі үздік боксшылардың ондығына кіреді. Бұл оған өз салмағындағы чемпиондармен жұдырықтасуға зор мүмкіндік беріп отыр. Ол бір аптаның көлемінде АҚШ-қа сапар шекпек. Жанқош Тұраров, «NBA» тұжырымы бойынша әлем чемпионы: - Сәуір айының басында немесе мамыр айының басына, ортасына таман болып қалады жекпе-жегім. Қазір промоутерім соны ақылдасып жатыр. Енді Майамиде өтетін шығар жарыс, соны ақылдасып жатыр қазір. Чемпиондық белбеуге келесі жылы жұдырықтасуым мүмкін. «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізетін жекпе-жегі туралы Қанат Ислам да ақпарат берген еді. Ол Астанаға бармас бұрын, тағы бір қарсыласын ұрып құлатуды көздеп отыр. Қанат Ислам, «WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin» чемпиондық белбеулерінің иегері: - Астанадағы кездесудің барлығы шешіліп болды. Қазір соған біздің команда тас-түйін дайындалып жатыр. Бірақ оған дейін мамыр айында бізде Америкада бір кездесу болады. Сол кездесуден кейін Астанаға келеміз. Биыл қазақстандық кәсіпқой боксшылар жанкүйер жұртқа әлемнің әр түкпірінде үлкен шоу сыйлайтыны анық. Барлығының басы «Экспо» аясынды қосылып, үлкен жекпе-жек кеші өтеді деген сыбыс та бар.