#ТасқынКөмек хэштегі қайырымды жандарды біріктірді

Сообщить о проблеме с эфиром
Бүгінде баспанасы тасқын судың астында қалған Ақтөбе жұртшылығы, мектеп пен спорт залды мекен етуде. Ал, желідегі мына жазбадан кейін, Алматы қаласындағы қайырымды жандар, мүмкіндігінше қол ұшын созып, азық-түлік пен киім кешектерін табыстап жатыр. Николай Пак, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы: - Мүмкіндік болса, жаңа заттарды әкелсеңіздер жақсы болар еді. Өйткені, барлығын реттеуге уақыт өте тығыз. Біз тек азық-түлік, киім-кешекті қораптарға салып, бірден жөнелтіп жатырмыз. Еріктілер қажетті заттарды жәрдемге зәру жандарға жедел жеткізуді көздеп отыр. Николай Пак, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы: - Бірінші жүк көлігі бүгін кешкі сағат 8-де жөнелтіледі. Бір айта кетерлігі, ақтөбеліктерге қажетті заттарды көлік қожайындары да тегін жеткізіп беруге дайын. Қиындыққа тап болған тұрғындарға әркім өз мүмкіндігінше қол ұшын созып жатқан жайы бар. Бүгіннен бастау алған гуманитарлық шарадан қала тұрғындары әлі де бейхабар. Алматы қаласындағы қайырымды жандар Шагабутдинов көшесінің бойында орналасқан 125-ші үйге қажетті заттарды әкеліп, гуманитарлық жәрдемін табыстаса болады.