Қанат Исламның АҚШ-та жұдырықтасатын келесі қарсыласы белгілі болды

Сообщить о проблеме с эфиром
Қанат Ислам жақында АҚШ еліне аттанған еді. Мақсаты кезекті жекпе-жегіне дайындық. Енді оның рингте кездесетін келешек қарсыласы да анықталды. Ол азулы мексикалық боксшы Норберто Гонсалес. Бұл қарсыласты ұту Қанатқа не береді? QAZAQ-тың бұл жолғы қарсыласы рейтинг бойынша өзінен жоғары тұрған Мексикалық Норберто Гонсалес. Ол бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігіне кіреді. Мексикалық боксшы Норберто Гильермо Гонсалес қазір 35 жаста. Өз елінің кәсіпқой былғары қолғап шеберлерінің ішінде, одан озып тұрғандар тек Сауль Альварес, Антонио Маргарито және Роберто Гарсия. Гонсалес кәсіпқойдағы өзінің тұңғыш қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген. 2007 жылы өз мансабын бастаған боксшы 2009 жылдың 27 ақпанына дейін, тек жеңіске жетумен келген. АҚШ аумағындағы алғашқы кездесуінде ұтылған ол, сол жылы еліне оралып орта салмақтағы чемпион атағын жеңіп алады. Тәжірибелі Гонсалес біздің Қанат үшін азулы қарсылас болмақ. Ринг төрінде ол біраз қиындық туыдыратыны анық. Қанат пен Гонсалес WBO NABA және WBA Іntercontinental тұжырымының чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді. 2017 жылдың 9-шы қыркүйегінде Астанада ұлы бокс кеші өтетіні белгілі. 15 000 жанкүйер келеді деп күтілген бұл шоуда Қанат әлем чемпионы атағы үшін айқасамын деп уәде берген болатын. Дегенмен, Қанаттың промоутерінің жұмысына көпшілік бокс мамандарының көңілі толмай келеді.