«Ninety One» жойқын comeback әзірлеп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром
Біраздан бері ешбір ортадан бой көрсетпей, сахнадан да ат ізін алыстатқан Ninety One жойқын жарылыспен оралуды көздеп отыр. Иглздарға біздің эфирді бүгін де, бұдан былай да қалт жібермеуге кеңес береміз. Үнсіздік емес, дауыл алдындағы тыныштық деген орынды болар. «Ninety-One» иглздардың тағатсыздана тосуына тұрарлық дүние ұсыну үшін, ел назарынан жырақта жұмыс істеді. Араға уақыт салып, шығармашылыққа қайта кіруісуге ниетті. Ерболат Беделхан, «Ninety One» тобының продюсері: – Ұлттық тілде, қазақ тілінде көп контент тудыруымыз керек. Сахнадан кету мәселесі болады, студияның ішінде жұмыс атқару. Сондықтан да, біз үнсіздік жарияладық. Таңның атысы мен күннің батысын тапжылмастан студияда өткізген серілер тұңғыш үнтаспасын әзірледі. Бірақ, бұл жәйлі сәл кейірінек. Әзірге, 91-лік жігіттер таяуда таспаланған жаңа бейнебаянын жарыққа шығаруға әзірленіп жатыр. Ал, енді – ЭКСКЛЮЗИВ! «Ninety-One» тобының 2017 жылы ұсынған тұңғыш туындысы! Ерболат Беделхан, «Ninety One» тобының продюсері: – Барлық көрермендерге 91 тобының 2017 жылғы алғашқы туындысын тамашалауға шақырамыз. Тек, қана эксклюзив НТК телеарнасында. Жаңа әнге таспаланған бейнебаянның тұсаукесері қай жерде, қашан өтетіндігінен ертең хабардар етеміз.