Сейфуллин Жолбарыс жұрттан жасырған жас жұбайы жайлы бірінші рет тіл қатты...

Сообщить о проблеме с эфиром
Екінші мәрте отағасы атанғаны жайлы журналистерге жақ ашпайтын Сейфуллин Жолбарыс бұл жолы ақиқатты айтуға әзір. Жас жұбайлардың желіде тараған суреттері, кезінде талай талқыға түскен еді. Бірақ, жұлдызды жұптан мардымды жауап болмаған-ды! Сонымен, Сейфулинның жүрегін жаулаған сұлу жайлы сазгердің өзі айтсын. Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор: - Жауап бере бермеймін. Иә, бүгін сендерге ашылып отырмын. Себебі сендер әдемі уақытта келіп отырсыңдар. Концерт әдемі өтіп, көңіл әдемі болып, менің денемдегі адреналин ойнап жатқан кезде көңілім келіп тұр қазір. Сахнадағы 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған концертте, сазгер жеке өміріне қатысты сырларымен бөлісуді жөн деп шешті. Ал, мына бикеш екінші мәрте шаңырақ көтерген Сейфуллиннің қазіргі жұбайы. Желі де тараған суреттегі сұлудың есімі Екатерина. Орыс ұлтының қызы отағасына деген ризашылығын бір ауыз сөзбен қысқа қайырып, сазгердің әнін орындау үшін сахнаға асықты. Екатерина Лилуйя, С. Жолбарыстың жұбайы, әнші: - Сейфуллин өте керемет отағасы! Бұл бас қосудағы жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Шығармашылық кештің шарықтау шегін Шімән апа мен сазгердің анасы арасындағы шоу жалғастырды. Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор: -Менің апам білмейді, бұл жерде импровизация болды шыны керек. Айтқысы келген ештеңесі жоқ! Шімән апаны шақырып, қайтер екен деп шығардық. Бірақ, менің шешем байқап қойған сияқты. Ерболат екенін біліп қойды, сондықтан көп нәрсесін айтқан жоқ ол кісі. Концерттік бағдарламада тыңдарман жүрегінен орын алған Сейфуллин саздары, қара домбыраның сүйемелдеуімен, композиция ретінде де орындалды. Көптен бері көрінбей кеткен рок-әнші де, бұл кеште қалың көпшілікпен қайта қауышты. 3 жыл бойы бала күтімімен үйде отырған Әсем Көпбаева, сахнаны сағынып қалғанын айтады. Әсем Көпбаева, әнші: -Үйде отырып қалдым қызыммен! Енді уәде беремін сахнаға ораламын. Сахнаға қайтамын. Өйткені, өзімде үйде отыра алмай әрең отырмын.