Атақты актер Джеки Чан Қазақстанға келіп, қымыздан дəм татпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Миллиондаған қазақстандықтардың кумирі Джеки Чан елімізге келмек. 7 маусымда Астанадағы "Қазмедиа" орталығында "Қытай киносы" фестивалінің ашылуы болады. Осы шараның басты қонағы атақты қытайлық актер Джеки мырза. Ол өзінің "Кунг-фу Иога" атты жаңа фильмін де көрерменге тарту етеді. Стивен Сигал, Майк Тайсон, Рой Джонс сынды тұлғалар туған жерімізге келгенде, міндетті түрде қымыздан ауыз тиетін. Демек, ұлттық сусынымыздың дəмін Джеки Чан да татып көрмек.