Жұлдыздардан жасақталған «Алатау» футбол командасының да алаңдағы шеберлігі шыңдалып келеді

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыздардан жасақталған «Алатау» футбол командасының да алаңдағы шеберлігі шыңдалып келеді. Әлем чемпионатында алғаш рет 9-шы орынға табан тіресе, соңғы екі жылда 7-ші және 5-ші сатыға жайғасқан-ды! Ал, биыл Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алып отыр...

«Жартылай финалда ойнаймыз! Қазақ елі жеңісті күндер көп болсын. Алға, Қазақстааан!!!»

Иә, «Алатаулық» әртістер үшін биылғы бәсеке тартысты да, табысты өтіп жатыр. «С» тобында Аргентинадан айласып асырып, Түркиялық құраманы жеңген отандық жұлдыздар, күні кеше румындық әріптестерінен 4:2 есебімен басым түсті.

Ерлан Әлімов - «Алатау» ФК ойыншысы, продюсер: «Әрбір группада 4 команда ойнайды. Сол 4 команданың ішінде ең үздіктері, бірінші орын алғандар 1 группаға түседі. Олар бір-бірімен полуфинал және финалда ойнайды. 4 команданың арасында жебере болады. Полуфинал, финал! Егер 2 ойынды ұтатын болсақ чемпион боламыз!»

Қазіргі таңда қазақстандық құрамының қоржынында 10 ұпай бар! Бүгін Астана уақыты бойынша «Алатау» командасы 23:00-де Сербия футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Отандық аяқ доп шеберлері үшін, басты бақталастар кімдер?

Ерлан Әлімов - «Алатау» ФК ойыншысы, продюсер: «Ресей командасы өте жақсы ойын көрсетіп жатыр. Словения биыл өте мықты. Тағы-тағы жақсы командалар бар. 1-2 команда емес, 5-6 команда бар шығар.» «Алатаулық» әртістердің сәтті өнер көрсетуінде жанкүйерлердің де үлесі орасан. Мәскеуде білім алушы қазақ жастары, отандық жұлдыздарды қолдауда белсенділік танытып жатқан көрінеді.

«Алатау» командасын қолдаған барша адал жанкүйерлер, қазақстандық өнерпаздардың ән кешін 11-ші маусым күні тамашалайтын болады.