«Ninety one»-дық серілер араға ай салып инстаграмға неге кезекпен тіркеліп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ешбір әлеуметтік желіге тіркелмеген «Ninety one»-дық серілердің енді кезектесіп инстаграмға келуінде не сыр бар? Бір ай бұрын Zaq жанкүйерлеріне жақындай түссе, енді Ace парақшасын ашты. Фандом бұл кумирлерін асыға күткені анық. Желіге келесі тіркелетін кім?

«Ninety one» құрылғалы серілердің әлеуметтік желіде жеке парақшалары болмағанды. Топқа қатысты кез-келген ақпарат 91-дің ресми аккаунты арқылы жарияланып отырған. Дегенмен, кумирлерінің сахнадан тыс өмірлерінен де хабардар болғысы келген иглздар қолқалап қоймаған соң, жігіттер олардың өтінішін қабыл алды.

Желідегі меншікті аккаунттары жігіттердің жеке әлемі десек болады. Олар қалауындағы контентті таратуға құқылы. Яки, ешқандай пиар – менеджер, смм маман бұл парақшаны жүргізуге жәрдем бермейді.

Zaq -тан кейін араға ай салып инстаграмға келген Асе-тің acetagrammy аккаунты тәулікке де жетпейтін уақытта отыз мыңға жуық фолловер жинап үлгерді. Шілдеде иглзар тағы бір кумирінің аккаунтымен қауышады. Тек, әзірге келесі кімнің болары құпия.

Жігіттер мұны ай сайынғы камбэкке балайды. Бейнебаян, шағын үнтаспа һәм инста парақша. Бұдан бөлек, олар «Қараңғы жарық» күйтабағының келесі бөлімін таныстыруға қамданып жатыр.