«Трансформерлер» туындысының адал жанкүйерлеріне жағымды жаңалық!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Трансформерлер» туындысының адал жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! Қытайдың Гаунчжоу қаласында блокбастердің бесінші бөлімінің тұсауы кесілді. Режиссердің айтуынша, бұл кезеңде адамдар мен трансформерлер арасындағы ұзақ-сонар соғыстың ақырғы нүктесі қойылмақ.

Адамдар мен Трансформерлер сұм соғыс алдында. Әлсіздер мен әлжуаздарды жақтаушы Оптимус Прайм енді жоқ. Жер жаһанды құтқару жауапкершілігі Оксфорд университетінің профессоры басқарған ұжымның мойнына жүкетелмек. Бұл соғыста жеңіске тек бір әлем жетеді. Трансформерлер немесе адамзат.

Майкл Бэй, режиссер: -Жасалып жатқан дүниелердің ең соңғысы болғандықтан, әрине өте ауыр. Фильмнің бақандай 5 бөлімін дүниеге әкелдім. Менің ойымша, бірде бір режиссер мен сияқты осыншама франшизаны түсірмеген болар.

Қытай елінің Гаунчжоу қаласында «Тарнсформеры: Последний рыцарь» фильмінің жаһандық тұсауы кесілді. 10 жылдық тарихы бар туындының премьерасында актерлер бастаған бір топ жұлдыз төбе көрсетіп, қызыл кілеммен жүріп өтті.

Джош Дюамель, актер: -Америка киносының болашағы жарқын екеніне сенімім мол. Бүгінде адамдар фильмді үйде смартфондарының көмегімен, немесе арнайы кинотеарға барып тамашалай алады. Яғни, сұраныс болған жағдайда осындай жақсы туындылар дүниеге келеді.

Кинокартинаның премьерасына қатысу бақыты «Трансформерлердің» қытайлық жанкүйерлеріне бұйырды. Өзге көрермен, туындының бесінші бөлімін маусымның 21-нен бастап тамашалай алады!