Juz академия есігін айқара ашты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety one"-дық мемберлер тегін дәріс өткізіп, иглздарға өнер отаулары Juz академияның есігін айқара ашады деген соң, жігіттерге біз де мейман болып қайттық. Серілердің шеберлік сабағы мен жанкүйерлерімен кездесуі қалай өтті?! Тілшіміз баяндасын.

«91»-лік серілердің фандоммен әр кездесуі дәл осылай өтеді. Иглздар қарасы қалың, әрқайсысы жігіттерге бір қадам болса да жақындай түсуге құштар.

Жанкүйерлері пір тұтар Q-pop бағытының қыр-сырын меңгертуге «Juz Academy» жол ашқандай. Сондықтан болар, өнер ордасында тәлім алуға құмартқандар санында есеп жоқ.

Ерболат Беделхан, продюсер: – Біздің контенттеріміз кішкене қиындау ғой. Бірақ, сіздер керемет жақсы түсіне аласыздар. Бұл бір-біріне керемет байланысты.

«Juz Academy» тәлімгерлерінен үйренсем деп ниет білдіргендердің кез-келгені мектеп студенті атана алады. «Музыкаға қабілеті жоқ болса да, өзіміз бейімдеп аламыз»,- дейді ұстаздар.

Руслан Бердіматов, вокалдан дәріс беруші: – Болашақта біз көмектесеміз сахнаға шығуға. Жаңа ән жазамыз десе, фестиваль, конкурстарға қатысамын десе біз көмектесеміз. Енді бастап жатса, курс үш ай болады.

«Ninety one»-дық мемберлер ұдайы «Juz Academy» -да бой көрсетпегенімен, ара-тұра шеберлік сабақтарын өткізіп тұрмақ. Ал, сауат ашқандардың қарым-қабілетін Ерболат Беделханның өзі байыптап, үздіктерін командасына қосуға дайын.

Асыл Беделхан, «Juz Academy» директоры: – Ай сайын Ерболат Беделханның өзі келіп, оқушылардың өскен деңгейін, олардың қабілеттері қаншалықты өсіп жатыр, мамандарымыздың берген сабақтарын бойларына сіңіре алды. Соны бақылап жүреді. Содан кейін, ай сайын «Үздік студент» атағын береміз.

Мыңнан тұлпар шыққан студентке түрлі жеңілдіктер қарастырылып, «Найнти уан» тобымен қоян-қолтық жұмыс атқаруға мүмкіндік ұсынылады.