«Қазақстан және Қытай: Достастық тарихы»!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қазақстан және Қытай: Достастық тарихы»! Аспан асты еліндегі телеарналардың бірі дәл осындай атаумен деректі фильм таспалаған. Қос мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай әзірленген туындыда Димаш Құдайбергенов те бой көрсетеді.

Екі бөлімнен тұратын деректі фильмде Қазақстанның тарихы мен мәдениеті және дәл қазір Астана төрінде өтіп жатқан «ЕХРО-2017» көрмесі жайлы суреттеледі. Сонымен қатар, Димаштың «Ай эм сингер» жобасына дейінгі жеткен жетістіктері мен қазақ баласын әлемге танытқан байқау барысында бастан кешкен оқиғалары баяндалады.

Димаш Құдайбергенов, әнші: –Бұл қытайда беделді, атын әлемге танытқан сондай халық әртістері қатысатын жоба...

Иә, «Қазақ-Қытай» достығының музыкалық елшісі атанған Димаш «Мен әншімін» реалити-конкурсы арқылы жарты әлемге танылып, өнер жолындағы жетістіктері еселенген-ді! Тіпті, алты айдың ішінде бірнеше марапатқа ие болған қазақ баласының, аспан асты елінде миллиондаған аудиториясы қалыптасты.

Димаш Құдайбергенов, әнші: –Қазақ халқы қытай елін өте қатты құрметтейді. Қытай елі де қазақтың баласына құрметін көрсетіп жатқанына бәрі куә! Сол себептен екі ел арасындағы достық, бірлік жасай берсін деп айтқым келеді.

Димаш Құдайбергенов, әнші: –Бүгін «Темя миняг дау» жобасының «Шығуан Шанхай» деп аталатын саундтрегін жазғалы жатырмыз. Студияға келіп қалдық. Рұқсат болса мен өте берейін.

Өнер жолында тынбай еңбек ететін Димаш, бүгінде «Moonlight Blade» атты онлайн ойынға «Уақыт теңіз» әнін саундтрек ретінде орындамақ. Оның сюжеті қытай жазушысы Сюн Яухуаның шығармалары желісінде құрылған. Ал, бейнебаян шілде айында жарыққа шықпақ.

Димаш Құдайбергенов, әнші: –Екінші куплеттегі қайырма сәл шарықтау керек де. Үшінші куплетте ойламаған жерден берсем... Oсылай ауыстырып тұрып істеу керек.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Димаш «Естеліктер шайқасы» («Battle of Memories») мен «Power Rangers» фильмдеріне де саундтрек жазған болатын.