Армандар орындалады! Ақбота Сейітмағамбет үш айдың ішінде ақ босаға аттап, ана атанып, дипломына да қол жеткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақбота Сейітмағамбеттің шығармашылығы үнсіздікке тап болғанымен, жеке өміріндегі жаңалықтары жұрт назарын тыс қалмақ емес!

Алғашқыда ақ келін атанып, одан кейін тұңғышын дүние әкелген Баян Мақсатқызының шәкірті, күні кеше дипломын алды. Әнші, инстаграм парақшасындағы соңғы постында білім жолындағы жетістігін жариялап, ұстаздарына деген алғысының шексіз екенін жеткізген. Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде білім алған бикеш, «эстрада вокал» мамандығын тәмәмдапты. Бүгінде декреттік демалыста отырған Сейітмағамбеттің сахнаға қашан оралатыны әзірге беймәлім...