Леонардо Ди Каприо «Оскар» сыйлығын кері қайтарып берді

Ал, әйгілі Голивуд актері Леонардо Ди Каприо асыр салып, билейтін жағдайда емес. Себебі, ол өзінің «Оскар» сыйлығын кері қайтарып берді. Бұл «Выживший» фильмі үшін алған жүлдесі емес, жеке сыйға тартылған «Оскар» мүсіншесі.

Голливудтың жұлдызы, көрерменнің сүйіктісі Леонардо Ди Каприо мен «Оскар» сыйлығы егіз ұғымдай. Ал, 2016 жылы актер жүлдені қанжығасына байлағанда бәріміз шын қуандық.

Араға уақыт салып, Леонардо Ди Каприоның «Оскар» сыйлығы қайтадан сөзге ілікті. Бұл жолы өнерпаздың «Выживший» фильмі үшін алған жүлдесі емес, арнайы сыйға тартылған мүсіні үлкен дауға қалды.

Леонардо Ди Каприоның «Уолл-Стрит қасқыры» фильміне түскені үшін 1954 жылы атақты Марлон Брандо жеңіп алған сыйлық тарту етілген болатын. Бүгінде сол картинаны таспалаған Red Granite Pictures продюсерлік компаниясы қордан ақша ұрлады деп айыпталуда.

Эрик Гарднер, Голливудтық тілші: -Білесіздер ме, Леонардо Ди Каприо осы іске қатысты адамдармен тығыз жұмыс істеді. Алайда, актердың сөзінше, ол барлығынан бейхабар болған.

Енді, Ди Каприо «Оскар» сыйлығынмен бірге қайырымдылық бәссауда ұйымдастыру үшін сыйға алған заттарын да қайтаруда. Ал, Америкалық құқық қорғаушылары болса, өз кезегінде ақша ұрлау ісін зерттеп жатыр.