Лондонда көптен күткен «Трансформеры: Черный рыцарь» фильмінің тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лондонда көптен күткен «Трансформеры: Черный рыцарь» фильмінің тұсауы кесілді! Бұл жол Марк Уолберг бастаған бір топ жұлдыздың әдеттегідей қызыл емес, көк түсті кілеммен жүріп өткені қызық. Ал, режиссер Майкл Бэй, адамдар мен трансформерлер арасындағы үздіксіз соғысты сипаттайтын картинадағы өз жұмысының осымен тәмәм екенін жариялады. Сондықтан, бұл Трансформерлердің ең ақырғы бөлімі болуы әбден мүмкін.

Лора Хэддок, актриса: -Түсірілім кезінде қызықты сәттер өте көп болды. Әсіресе әріптесім Энтони Хопкинс әрдайым барлығымызды күлдіріп жүрді. Кинокартина барлығының көңілінен шығады деген ойдамын.

Трансформердің адал жанкүйерлері, туындының бесінші бөлімін маусымның 21-нен бастап тамашалай алады!