Қаз-қаз, балам, қаз балам! Санжар Мәдиев қызы Ұмайдың тұсау кесер тойын дүркіретіп атап өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Саяхаттаудан қолы қалт етпейтін Санжар Мәдиев өткен демалыс күндері өз шаңырағында ұлан-асыр той жасауға уақыт тапты. Актер өз тұңғышы Ұмайдың тұсауын кестіріп, салт-дәстүрге сай жөн-жоралғысын жасады.

Қызының тұсауын кестіріп, үлкендердің ақ батасын алған актер қуанышымен әлеуметтік желілер арқылы бөлісті. Тек өзіне жақын жандар арасында серінің құйқылжыта ән салатын өнері де бар екен.

Фархад Абдраимов досы әрі әріптесі Санжар Мәдиевтың тойына үлгере алмады. Біраздан, өзін кинопродюсер ретінде шыңдап жүрген Фара бұл жолы - «По любви» атты жаңа жобасының қамымен жүр. Картинада Максим Акбаров пен Гүлнәр Сильбаевалар бой көрсетеді.

Гүлнәр Сильбаева, актриса: - Қызуым көтеріліп, біраз қиналсам да дәрі ішіп алып, түсірілім алаңына баруға тура келді. Себебі, Фархад Абдраимовтан шақырту күнде түсе бермейді. Екінші пландағы кейіпкерді сомдап шықтым.

Жандос Айбасовтың демалысы каскадерлік трюктарды шыңдаумен өтіп жатыр!

Омақаса құлағанымен актер мұны шыбын шаққан құрлы көрмеді. Керісінше, сымдай тартылған мінсіз мүсінін көрсетіп, фолловерлерінің мақтауын да алды.