Сылқым сұлулар арасында жаз маусымына кім дайын?

Сообщить о проблеме с эфиром

Маусымның аптап ыстығы, отандық өнер иелерін жағалауға жинады. Суда салқындауға құмар «сахна жұлдыздарының» таңдаулы образы және мінсіз дене бітімі көздің жауын алады. Сылқым сұлулар арасында жаз маусымына кім дайын?

Суға түсу маусымын ашық деп жариялаған Луина шетел аспай-ақ, қаладағы бассейндердің бірінде өз демалысын ойдағыдай өткізгенді жөн санаған. Әншінің тартымды тұлғасы, оның жаз маусымына жақсылап дайындалғанын аңғартады.

Алайда, қалың оқырман арасында өнерпаздың мінсіз дене бітіміне бірі қызығып жатса, енді бірі жалаңаштанған жұлдызды сынға алды...

Әнші Лидо болса құрбысы сияқты сөзге қалудан жүрексінсе керек. Шомылуға арналған киімінің тек жарты бөлігін көрсеткен ол, үстіндегі «Ноу фильтр» деген ерекше жазумен көзге түсті.

Актриса Жания Журинская Түрік еліндегі таңғажайып демалысының тамаша естеліктерімен бөлісіп бітер емес.

Өнер иесінің көздің жауын алар желбіршекті алқызыл шомылу киімі көптің қызығушылығын оятты. Сән қуған сылқым сұлулар актрисадан киімді қайдан алғанын сұрап, маза бермеді.

Өз құрбысымен бірге Кипр елінде демалған Дильназ болса, қарапайым көгілдір ақық түсті шомылу киіміне таңдау түсірген..

Әдемілік әлемінің ханшайымы сәнгер Салта Малдив аралдарының алтын құмында жүр. Алайда, еңбекқор дарын иесі, мұнда да тыным табар емес. Топтамасындағы үлгілерді киіп, фотосуреттері арқылы өз киімдерін барынша жарнамалап жатыр.

Малдив аралының көз тартар сұлулығы, мінсіз дене бітім, әдемі киімдер – оқырман қауым бұл әсемдіктің әрқайсысына бір алаңдаумен жүр.