Келешекте Қайрат Нұртас әншіліктен алшақтап, ұстаздық мансапқа ден қойса таңқалмаңыз

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркелеп елге ән арнап жүретін Қайраттың мына суреттен білім жолында да тер төккенін байқауға болады! Иә, иә хитмэн, күні кеше диссертациясын қорғап, магистратураны тәмәмдады...

Бұл видео, академик Ғарифолла Есімнің өз қолынан оқулық алған Қайраттың, білімге құштарлығы артқанын аңғартқандай! Келешекте Нұртастың ұлы әншіліктен алшақтап, ұстаздық мансабқа ден қойса таңқалмаңыз. Әнші күні кеше магистрлік диссертациясын қорғап, Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығын тәмәмдады...

Ринго тобында ән салатын Аян мен Данияр да болашақтың кілті оқуда екенін жақсы ұғынады. Аталмыш бойзбендтегі қос сері жақында диссертация қорғап, «менеджмент» мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруді жөн деп шешкен. Өйткені, өнерпаздар ертелі-кеш топтағы жұмысты тоқтатып, жеке кәсібін дөңгелетуі әбден мүмкін.

Аян Бірбаев, «Rin'Go» тобының әншісі: -Жобаларды басқару қандай салада болсын ол өте маңызды. Жаңағы өндіру саласы болсын, бизнес саласы болсын немесе мәдениет саласы болсын, ол жобаларды басқару әр салада бар зат. Сондықтан да маған артық етпейді деп ойладым. Өзіме қызық болды.

Данияр Өтеген, «Rin'Go» тобының әншісі: -Жобалар ұйымдастырып жасап жатырмыз өзіміз. Біраз енді өсу керек деген сияқты. Сондықтан осы барлық жұмыстарды ұйымдастыра білу үшін менеджмент мамандығы жақсы септігін тигізеді.

Жуырда Роза Рымбаева жайлы ғылыми жұмысын қорғаған Әли Оқапов та алдағы уақытта сахнаға сирек шығуы мүмкін. «Өнертану» мамандығының магистрі атанған Халық әртісінің тұңғышы, ертең жақсы бір мансаптың жалынан тартып мінгісі келеді.

Әли Оқапов, әнші: Өмір бойы сахнада болмайтын шығармын. Сол өнер жолынан кетіп, мысалы мүмкін саясат па, мүмкін мәдениет министрлігі шығар... Сондай жоспарларым бар. Артық емес сияқты мен үшін!

Сонымен қатар, Гүлназ Жоланова да білімін жетілдірген жұлдыздардың тізімінде! Актриса, соңғы 2 жылын «журналистика» саласына арнаған.