Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы «Валенсия» сапына ауысты

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызып тұрған әлемдік футбол маусымында демалысқа уақыт жоқ. «Астана» клубында ойнаған Неманья Максимович «Валенсия» сапына ауысты.

Бұл Қазақстан премьер лигасы тарихындағы ең қымбат трансфер. Сербиялық жартылай қорғаушы жылына 7 млн еуро көлемінде жалақы алады. Испаниялық ұжыммен ол 2021 жылға дейін келісім-шартқа отырған. Қызығушы өзге клубтар 22 жасар аяқдопшының толық трансферлік құнын иемдену үшін, енді «Валенсияға» 100 млн еуро төлеуі тиіс.