Берлин қаласында «Взрывная блондинка» фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Берлин қаласында «Взрывная блондинка» фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Бұл картинада әйгілі актриса Шарлиз Терон «тыңшы» кейпінде. Киногерлердің пайымдауынша, аталмыш туында сылқымның мансабындағы ең жемісті өнім болмақ.

Сюжет желісі тыңшылық қызметпен өрілген «Взрывная блондинка» блокбастерінің әлемдік тұсауы кесілді. Фильмдегі басты рөл 41-жасар Шарлиз Теронға бұйырған. Кинокартинадағы образының ойдағыдай шығуы үшін актриса 16 келі тастап, біраз қиындықты басынан өткеріпті.

Шарлиз Терон, актриса: -Маған физикалық тұрғыда қиын болғанын жасырмаймын. Фильмдегі мықты әйел кейпін қолымнан келгенше үздік сомдамақ болдым. Көрерменді барлығына сендіру үшін, ұзақ уақыт жаттығуыма да тура келді.

Берлиндегі премьераға Шарлиз Теронмен бірге, актрисаның түсірілім алаңындағы серіктесі, 35-жасар София Бутелла да қатысты. Шараға жиналған жұрт арасында қос жұлдызбен суретке түскісі келетіндер қарасы көп болды. Ал, София Бутелла өз кезегінде туындының тұсаукесерін пайдаланып, әріптесіне алғысын жаудырды.

София Бутелла, актриса: - Басында өте қатты қобалжыдым. Шарлизге айтар алғысым шексіз. Ол өте көңілді жан, онымен бір сахнада өнер көрсету бір ғанибет.

Еске салар болсақ, кинокартина Энтони Джонстонның «Ең суық қала» атты романының желісі бойынша түсірілген. Жаңадан жарық көрген екі сағаттық туынды еліміздің кинотеарларында шілденің 27-сінен бастап көрсетілмек!